È

Жолбарыс туралы 10 фильм

Жолбарыс туралы 10 фильм

2010 жылдың 29 шілдесінде Санкт-Петербургте «жолбарыс саммиті» өткен болатын, сол кезден бастап Халықаралық жолбарыс күні бекітілді. Аталмыш мерекенің жақындауына байланысты «Бродвей» редакциясы мысықтар отбасының ең ірі өкілдеріне арналған 10 кинотаспаны дайындады. Ол жақта «Ормандар кітабындағы» зұлым Шерханнан бастап, «Жолбарыс құйрығы» фильміндегі баламен дос болған сүйкімді мәуленге (жолбарыстың баласы) дейін бар. Бүгін осындай картиналар туралы сөз болмақ.


«Жолбарыс құйрығы»

Картина қарапайым американдық отбасы туралы баяндайды. Жанұя демалыс күні аңдарды көріп келу мақсатымен зообаққа баруды ұйғарады. Үйге қайтар жолда ұлдары Билли көліктен кішкентай мәуленді байқап қалады да, ата-анасына айтпайды. Алайда, Билли кішкентай аңды өз бөлмесінде жасыра алмай, біраз қиналады. Бұл қызықтың арты не болар екен?

 

«Жолбарыстың құзырында»

Егер сіз балалар киносын ұната қоймасаңыз, онда «Жолбарыстың құзырында» триллерін көруге кеңес береміз. Фильм жас қыз Келли мен оның аутизммен ауыратын інісі жайында. Екеуінің анасы қайғылы жағдайда қайтыс болады. Сондықтан, балалар өгей әкесімен тұруға мәжбүр. Өгей әкелері сафари парк ашу идеясымен ауырып жүреді де, жолбарыс сатып алуды жөн көреді. Осыдан кейін не болатынын фильмді көрген соң біле аласыздар.

 

«Пи өмірі»

Пи мен оның отбасы Үндістанда тұрады және зообақ ұстайды. Бір күні ата-анасы аяқ-астынан аңдарды да бірге алып кетіп, Канадаға көшуді ұйғарады. Теңізбен жүзіп келе жатып, олар дауылға тап болады да, Пи, ала құлан (зебра), орангутан, қорқау мен жолбарыс әрең аман қалады. Басты кейіпкер шексіз мұхитпен жүзе отырып, қандай әрекеттер жасайды екен? Ол соңына дейін шыдап, аман қала ма?

 

«Жолақ сапар»

Сіздер кеңестік кинематографтың осы шедеврінің біздің жолбарыс туралы кинотоптамамызда болатынын білген боларсыздар. Фильм өтіріктен аңдарды үйрететін адам болып көрінетін қарапайым жан туралы. Өйткені, оның басқа амалы жоқ. Мұндай өтіріктің арты не болар екен?

 

«Жолбарыстарды үйретуші қыз»

Кеңестік кино тақырыбын жалғастыра отырып, «Жолбарыстарды үйретуші қыз» фильмін көруді ұсынамыз. Лена Воронцова өз ісіне ғашық, тіпті Федя есімді жас жігіт те бойжеткеннің жұмысымен айналыса бастайды. Екеуі жұптасып, циркті қиын трюктерді көрсетеді. Сонымен қатар, біздің басты кейіпкер қызымыз жолбарыстармен бірге аренаға шығуды армандайды.

 

«Ағайынды екеу»

Бір күні Үндіқытайдың ну орманында жолбарыстың балалары дүниеге келеді. Екі мәулен әке-шешесімен бірге тастанды шіркеудің маңында тұрады. Кенеттен олардың үйшіктеріне қазыналарды іздеп жүрген Эйдан Макори келе қалады да, әке жолбарысты өлтіріп, құнды артефактармен бірге мәуленнің біреуін алып кетеді.

 

«Ормандар кітабы»

Соңғы уақыттарда «Дисней» өзінің классикалық туындыларын қайта түсіріп жүр. Солардың бірі - 1967 жылдың аттас картинасы. Фильм Маугли есімді үнділік баланың тағдырын және орманның қорқынышты өкілі, қатал жолбарыс Шерханға қарсы туруын баяндайды.

 

«Өлекшін хикаясы»

Ғажайып орманға күз келді. Өлекшіннің (жолбарыстың ұрғашысы) іші пысып жүреді, өйткені ешкім онымен ойнағысы, секіргісі келмейді. Барлығы қыс мезігіліне дайындалып жүр. Осы кезде ақылды үкі оған бір отбасылық құпияны айтып береді. Өзінің шығу тегі туралы құпияға қызыққан кейіпкеріміз туыстарын іздеуге аттанады.

 

«Көк жолбарыс»

Фильм ботаникалық бақта ата-анасымен бірге тұратын кішкентай қыз бен бала туралы. Бір күні жергілікті қалалық әкімшіліктің басшысы келіп, бақтың орнына кәсіп-кварталын салатынын айтады. Осы кезде балалардың өмірінде көк мәулен пайда болады да, оларға бақты сақтап қалуға көмектеседі.

 

«Өлекшін туралы аңыз»

XVIII ғасырда ну орман жергілікті басшылықтың шайқасы салдарынан қирап қалады. Шайқас аяқталған соң, жас қыз қайтыс болған ғашығын іздеуге орманға аттанады. Алайда, өзі де қарақшылардың қолына түсіп, мерт болады. Содан бері, қыздың рухы ну орманды аралап жүріп, көзіне түскенді жайпап салатын құдіретті өлекшіннің денесіне енгені туралы аңыз тарап кетті.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

13 тамыз 2017, 21:57

жизнь пи и полосатый рейс круты

Таныс бейне

Назгүл Қарабалина

Актриса

Сергей Попов (IV)

Актер

Ержан Рүстембеков

Режиссер