È

Шоколад туралы 10 фильм

Шоколад туралы 10 фильм

11 шілде күні тәттіні жақсы көретіндердің мерекесі – яғни, Бүкіләлемдік шоколад күні! Қаламызда аптап ыстық орнап тұрғанда, біз де дәмділерімізді еріп кетпей тұрғанда жеп алайық. Біз өз кезегімізде сіздерге шоколадты фильмдер топтамасын ұсынамыз.

«Шоколад сабақтары»

Бұл итальян комедиясында құрылыс мердігері Маттиа басқа адам болып көрінумен қатар, шоколадты кәмпиттер жасауды үйренуі тиіс болады. Бастапқыда барлығы қорқынышты көрініп, басты кейіпкер бұл іспен айналысқысы келмеген еді. Дегенмен, уақыт өте келе өзіне ұнамаған іс қуаныш сыйлай бастайды. Оның үстіне, оның жанында әдемі Чечиллия жүреді, Маттиа сол қызға деген сезімінің арқасында өмірге көзқарасын өзгертеді.


«Кондитер тағдыры»

Кондитерлер Марко мен Грейс бір-бірін аса жақтырмайды. Бірақ, аспаздық бір байқау кезінде екеуі алауыздықты ысырып қойып, жеңіске жетү үшін күштерін біріктіреді. Олар «Баррози» шоколадты-кофе тортын дайындаулары тиіс. Бұл тәттінің ерекше рецепті қатаң құпия болып қалған.


«Белгісіз романтиктер»

Біртүрлі екі адам туралы жақсы кино. Шоколадты фабрика иегері Жан-Рене жанындағы адамдардан қорқады, ал кондитер Анжелика біреу өзін мақтаған кезде абыржып, талып қала береді. Нәзік француздық махаббат хикаясы және көптеген шоколадты тіскебасарлар.


«Ол өлімді пісірді: Шоколадты печенье жұмбағы»

Кондитер тақырыбына сай келетін бір детективті таптық-ау. Бұл телевизиялық фильм аспаз Ханна Свенсонға арналған картиналардың бірі. Аспаз тек дәмді тіскебасарларды әзірлеп қоймай, ара-тұра өлім зерттеумен де айналысады. Бұл жолы фильмде кейіпкердің досы әрі жүргізуші-жеткізуші өлтіріледі. Ал оның мәйітінің жанында Ханна пісіретін печеньенің қалдықтары жатады. Аспазшы өзінің жақсы атын қайтару үшін пісіруді қоя тұрып, тергеумен айналысады.


«Шоколадты бүлік»

Түнекке толы фантасмагорлы фильм-антиутопия. Оқиға ауылдық мектептің бірінде өрбиді. Мектеп директоры оқу орнын диктаторлы тәртіппен жүретін казармаға айналдырып жіберген. Осы уақытта қалашықта кондитерлік өнімдерді дайындау үлкен сұранысқа ие болады. Үлкен фабрика кеңейіп, жолындағының барлығын жайпап салуға дайын тұрады. Фильм соңында оқушылар бүлік шығарып, шоколадты рухтың әсерімен жек көрінішті мектепті өртеп жібереді. Шоколадты қышқыл дәмге айналдырып жіберетін Павел Фаттахутдиновтың авторлық киносы.

«Шоколадты алмаз»

Режиссер Артур Богатовтың қылмыстық комедияға құрылған жаңа ресейлік фильмі (2013). Шоумен Дима Савичев Жаңа жылды бір клубта қарсы алу керек болады. Бірақ, жолда бір бәлеге тап болады. Қылмыскерлер оны ұрланған бағалы заттармен бірге Аяз Атаның мөшегіне салып алып, шоколадты кәмпиттер жиынтығының арасына сүңгітіп жібереді. Тиісінше, кейіпкерді алмаздың заңды иелерімен қатар, милиция да іздей бастайды. Енді Дима бұл тығырықтан шығудың жолын қарастырады. Мөрлі киноны көруден қорықпайтындарға арналған жаңа жылдық бірреттік картина.

 

«Чарли және шоколадты зауыт»

Шоколад пен түрлі тәттілер туралы әңгіме қозғағанда Тим Бертонның «Чарли және шоколадты зауыт» фильмін айтпай кетуге болмас. Кондитерлік зауыттың бірқилы иесі Вилли Вонка алтын билет ұтып алған балаларды әсерлі экскурсияға шақырады. Шоколадты өзендер, зефирлі жағалаулар және көптеген тәттілер кімді болса да есінен адастырары анық.

«Ыстық шоколад»

Бұл картинаның сюжеті өте қарапайым: басты кейіпкер миллионердің қызы Би Джи Кэссиди шоколадты трюфельдер өндіретін компанияны сатып алады. Сол жақтан сұлу басқарушы Ерікті жолықтырады. Әрі қарай барлық романтикалық мелодрамадағыдай өрбиді: қиындықтар, махаббат және бақытты соңы.

«Шоколадқа арналған су секілді»

Картина режиссер Альфонсо Араудың бұрынғы әйелі Лауры Эскивель кітабының экрандайы болып табылады. Педро мен Тита бір-бірін сүйеді, бірақ бірге бола алмайды. Тита ерекше тағамдарын дайындап жүре береді, сол арқылы махаббатын білдіреді. Картина атауы ыстық шоколадқа су қалай қажет болса, өмірге махаббат та дәл осылай керек дегенді білдіреді. Фильм де, кітап та «сиқырлы реализм» жанрында құрылған. Туындыларда Габриэль Гарсиа Маркестің рухы бар секілді.

 

«Шоколад»

«Шоколад» атты картинасыз тізіміміз толық болмайтын еді. Бұл фильм адамдар мен тәттілер арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Картина шоколадты кәмпиттердің көп нәрсені өзгерте алатынын көрсетеді. Соның ішінде, әрине махаббат бар. Ең жігерлі, ең тәтті фильм екендігі даусыз. Ал жас Джонни Депп пен сұлу Жюльет Бинош – бұл бөлек қуаныш.

Шоколад – кондитерлік зауыттағы ең танымал субстанция. Ол қышқыл, сүтті, бұрыш дәмдес, ваниль иісімен, жаңғақтар қосындысымен болады. Оның жүзден астам дәмі бар. Барлығының дәмін татып көруге қорықпаңыз! Мерекелеріңіз жақсы өтсін!

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

13 тамыз 2017, 22:01

так и знал, что шоколад будет на первом!

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Нұрлан Әлімжанов

Актер