È

Махаббат жайлы отандық 10 фильм

Махаббат жайлы отандық 10 фильм

Елімізде Махаббат күнін тойлау ресми түрде 15 ақпанға ауыстырылғанымен, жастардың көпшілігі Әулие Валентин күнін әлі де атап өтуде. Бұл, әрине дұрыс! Жылына бірнеше рет махаббат мерекесі тойланса, оның несі жаман? Ал біз өз кезегімізде, сіздерге махаббат жайлы баяндайтын қазақстандық фильмдер топтамасын дайындап қойдық.


«Ажыратушы әйел»

Тоқсаныншы жылдардың басында түсірілген Әмір Қарақұловтың фильмі ағайынды Рүстем мен Әділдің және ару Эляның арасындағы махаббат үштігі жайлы баяндайды. Ағасы мен ғашығына деген қызғаныштың салдарынан Рүстем қылмысқа барады. Бір қызығы, режиссер сценарийін Борхестің «Жауыз» әңгімесіне арқа сүйеп жазған, бірақ редакторлар танымал жазушының есімін титрдан алып тастауды өтінді, себебі олардың авторлық есепті төлеуге қаржылары болмаған.

 

«Махаббат дастаны»

Қазақ эпосындағы ең танымал махаббат хикаясы. Сарыбай мен Қарабай есімді белгілі екі байдың балалары жақында дүниеге келуі тиіс. Ажырамас дос болған екеуі бірі ұлы ержеткенде, енді бірі қызы бойжеткенде бір-бірімен құда болуға уәделеседі. Бірақ, уақыт өте келе Сарыбай қайтыс болады, ал оның отбасы кедейлене бастайды. Осы кезде Қарабай қызын кедейге бергісі келмейді. Ал Баян мен Қозы Көрпеш бір-біріне ғашық болып қалған. Бұл хикаяның соңы қайғылы аяқталады: ғашықтар келмеске аттанады.

 

«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу»

Бұл да Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу хикаясының экрандауы, тек тоқсаныншы жылдардың басында түсірілген. Екі фильм де өзінше жақсы, заманауи нұсқасы 1954 жылы жарыққа шыққан алдыңғы фильмнен еш кем емес.

 

«Қыз-жігіт»

Кеңес кезеңіндегі бұл музыкалық комедия ұжымдық шаруашылықтың сұлулығын жарнамалап қана қоймай, жақсы аяқталатын әдемі махаббат хикаясын баяндайды. Шабандоз Айдар мен жылқышы Ғалия бір-бірін жақсы көреді, бірақ барлық ғашықтар секілді болмайтын нәрселерге ренжісе береді. Бұл жағдайды Ғалияға үйленгісі келіп жүрген дүкен иесі Аңғарбай пайдаланып қалады. Көптеген кикілжіңдер мен оқыс жағдайлардан соң фильм көңілді той мерекесімен аяқталады.

 

«Жігіт пен бойжеткен»

Үлкен шаһарда екеуі кездесіп қалады: жас сценарист пен батыл, эксцентрлі интеллектуалды қыз. Жауапты махаббат бар әлемді өзгертеді, бірақ бір күні Бойжеткен естеліктерді ғана қалдырып, Жігіттің өмірінен кетеді. Жас режиссер Сәкен Жолдас әдемі әрі шынайы картина түсіріп, мелодраманы комедиямен ұштастыра білді. Кешкі романтикалық көрсетілім үшін бұл фильмнен артық дүние бар ма?

 

«Үшеуге арналған той»

Танымал режиссер Асқар Бисембиннің алғашқы толықметражды фильмі осыған ұқсас тақырыптағы келесі картиналарға жақсы бағыт бергендей болды. Романтикалық комедия тартымды алаяқ Азамат туралы баяндайды, ол қарақшылардың қарызынан қашып жүріп, Мәскеуге кетеді. Үйде, Алматыда оны досы Тимур күтіп жүреді, ол Азаматтан қалыңдығы Әлияны алып қашуға көмектесуін өтінеді. Әрі қарай аласапыран басталады, дегенмен фильм соңы жақсы аяқталады.

«Адель»

Режиссер Асқар Бисембиннің портфолиосындағы әзірге жалғыз мелодрама, соңғы емес деп үміттенеміз. Бұл қайғылы, бірақ өте әдемі әрі әсерлі махаббат хикаясы романтикаға жақын барлық жастарға ұнайды. Ал дарынды жасық пианиношының рөліндегі Берік Айтжанов пен жарқын әрі өмірге ғашық суретшіні сомдаған Әсел Сәдуақасованың дуэті – қазақстан киносындағы ең сенімді рөлдердің бірі.

 

«Келін»

Ермек Тұрсыновтың бұл фильмі Қазақстанда түсірілген порнографиялық жобалардың немесе арандатушы фильмдердің бірі болып есептеледі, бірақ, шындығында олай емес. «Келін» - біздің эрамыздағы 3-4 ғасырларда өмір сүрген адамдардың қызғаныш, махаббат, құмарлық пен ашушаңдық сезімі жайлы. Сонымен қатар, фильм адамдардың табиғаттың бір бөлшегі болып өмір сүргенін, тұрмыс-тіршілікті өзгеше елестеткен кездерін баяндайды.

 

«Жартастағы шынар»

Мұхтар Әуэзовтың «Жас ұрпақ» атты аяқталмаған романының желісімен түсірілген қайғылы махаббат хикаясы. Фильм жартастан секіріп кеткен ғашығына адал сұлу Айсұлудың аңызын және екі жігіттің сатқындығына тап болған аттас қыздың заманауи хикаясын баяндайды. Осылайша, жасықтық пен қорқақтық фильмдегі махаббатты, тазалықты жояды.

 

«Күт мені»

Ең алдымен бұл майдандас үш дос: журналист Михаил Вайнштейн және екі ұшқыш Николай Ермолов пен Андрей Пановтың хикаясы. Олар соғыстан кейін бір-бірімен кездесуге уәде береді. Соғыс кезінде достар жан-жаққа бөлінеді: Михаил барлау мәліметтерін майдан шебіне жеткізуі тиіс, ал Николай партизан жасағының командирі атанады. Жағдайға байланысты Ермоловты өлдіге санап, әйеліне хабар беретін адам табылмайды. Бірақ, Лиза ештеңеге сенбейді де, күйеуінің аман-есен үйге оралатынын үміттенеді.

Бүгін топтамамызда қайғылы, көңілсіз, жағымды әрі бақытты махаббат хикаялары болды.Қымбатты біздің оқырмандарымыз, біз сіздерге Әулие Валентин күнінде тек қана бақыт пен қуаныш, шынайы адал махаббат тілейміз! Барлық фильмдерді «Бродвей» кинопорталынан онлайн түрде көруге болады.

 

Варвара Литвинова

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

12 наурыз 2018, 23:41

Фильм Он и Она, да я соглашусь, но печальный конец. Зато, по своему приятный и честный. Свадьба на троих, ну очень редкая, да сложная тема. Адель, вот ничто не могу сказать. Всего лишь страсть. Ничего боле.

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер