È

Marvel-дің үздік 10 фильмі

Marvel-дің үздік 10 фильмі

Қазіргі таңда кинокомикстер күнделікті қажет дүниеге айналып кеткендей, заманауи әлемді суперкейіпкерлерсіз елестете алмайсың. Оған Marvel компаниясының еңбегі көп сіңді, ол жылына сансыз фильмдер шығарып келеді.

Әлімдік Марвелдің 17-ші картинасы - «Тор: Рагнарёктің» шығуына орай, аталмыш компанияның үздік фильмдерін еске түсіріп көруді жөн санадық.


«Темір адам»

Барлық ессіздіктердің бастауы болған революциялық картина. Өзекті тақырыпты (Ауғанстан) қозғаған және үлкен киноға кіші Роберт Дауниді қайта әкелген фильм. Осы фильмнен соң Тони Старк біз қалаған батырға айналды, ал «Темір адам» осы әлемнің барлық картиналарын басып озған фильм атанды. Тамаша ориджин.

 

«Галактика сақшылары. 2 бөлім»

Шытырман оқиғаның екінші бөлімі күлкілі, әрі мейірімді болғаны соншалық, оны комикс деп атау қиын. Картина кейіпкерлері фильм бойы ойларына келгенін істейді, оның үстіне әлемді құтқарамыз деп қояды. Үзіліссіз орынсыз әзіл мен әр қадам сайын кезігетін экшн фильмді мувиге айналдырғандай, осылайша жердегі мәселенің барлығын екі сағатқа ұмытып, ғарышқа аттанасың.

 

«Өрмекші адам: Қайта оралу»

Өрмекші адамның жаңа образы классикалық комикске мүлдем ұқсамайды, бұл - есею туралы хикая іспетті, young adults, жасөспірімдерге арналған кино. Жасөспірім батыр туралы кино өткір, күлкілі әрі әсерлі болып шыққан.

 

«Темір адам 3»

Үшінші бөлімде Темір адам өз бейнесіне еніп, басқалар үшін өзін құрбан ете алатын нағыз салмақты кейіпкерге айналды. Картина режиссері Блэк фильмнен күлкілі кейіпкерлері бар тамаша бадди-муви жасады. Мұнда экшн да жетерлік.

 

«Дәрігер Стрэндж»

Бұл жерде Marvel-дің арнайы эффектілері жаңа деңгейге шықты, негізі тибет даналығын Кристофер Ноланның ғажайып түстерімен байланыстыру ғана қажет еді. Кино бұдан ұтпаса, ұтылған жоқ. Мақтаншақ Дәрігер Стрэндждің хикаясы, оның Дормаммға келгені сияқты, көпшілікке ұнады. Бастысы – уақытында келісу.

 

«Кек алушылар»

Барлық кейіпкерлердің бір фильмде тоғысуы қатты қызығушылық тудырған еді және ол сенімді ақтады. Бір фильмде барлық батырлардың бөгде ғаламшардан келген жаулармен күресін тамашалау өте әсерлі болды. Картинаның әсерлі шыққандығы соншалық, шаурмаға да уақыт болмапты, олсыз суперкейіпкерлер жүрмеуші еді ғой.

 

«Галактика сақшылары»

Алғашқы «Сақшылар» жаңа, тың әрі көңілді болатын. Жарқын кейіпкерлер, өте күлкілі әзілдер, жаңа әлем мен басқа да дүниелер оны шытырманға толы отбасылық киноға айналдырғандай. «Біз Грутпыз» және осы арқылы барлығы белгілі.

 

«Алғашқы кек алушы: Қарсы тұру»

«Қарсы тұру» барлығы ойлағандай болып шықты - керемет экшн және көптеген әсерлі көріністер. Америка Капитаны Қысқы Солдатпен бірге Темір Адаммен шайқасқанда, барлығы екінші орынға ығыстырылады. Жанкүйер үшін нағыз жұмақ дерсің.

 

«Тор: Рагнарёк»

Жаңа Тор алдымен Вайтитидің фильмі – яғни, бұл әлемдегі ең күлкілі кино. Дарынды жаңазеландиялық режиссер әзіл мен хикаяны жақсы бере алады – нақтырақ айтқанда, алдыңғы фильмдерде асгардтықтардың осыған қатысты біраз мәселесі болған.

 

«Бірінші кек алушы: Басқа соғыс»

Үлгілі тыңшылық триллер, мінсіз атыс-шабыс фильмі және тамаша драма. Содан кейін ғана сапалы кинокомикс. Ағайынды Руссо бұл фильмде керемет баланс тапқан, соған сай кино да басқалардың арасында ерекше болып тұр, оны көре беруден еш жалықпайсың.

 

 

Жанкелді Өмірәлиев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер