È

Қазақстандық үздік 10 постер

Қазақстандық үздік 10 постер

Постер – алда көрсетілетін фильмге назар аудартатын жарнама плакаты. Тизерлер және трейлермен қатар, оның мақсаты – көрермендерді кинотеатрға шақыру. Бұл әдіске түрлі-түсті гаммалардан бастап, жалпы фондағы элементтер қатарынан тұратын көркем тәсілдер әр түрлі болуы мүмкін. Бүгін өзіне еріксіз назар аудартатын қызықты, әдемі 10 түрін таңдап алуға тырыстық.


«Тараз»

Шиеленіске тап болып, батыл әрекетке баруға мәжбүр болған үш достың қылмыстық хикаясын постер әдемі бейнелей білді, яғни неонды өлі жарық басты кейіпкерлердің сұлбасын айқындап тұр. Көлеңкеге қарамастан, актерларды оңай тани аласың. Негізгі фон драмаға сай күңгірт, суық әрі жарықпен байланысып, сәнді болып тұр.

 

«Жол»

Боксшының қанды дәкесі арқылы фильмнің атауын жазатын қызықты көркемдік шешімі бар ерекше постер. Қанық қызыл түс бірден назарды аудартады, сондықтан есте ұзақ сақталады. Боксшының ақ ойықтағы қараңғы сұлбасы – сөзсіз түсінуге болатын қарапайым символ.

 

«Ине»

90-жылдардағы әйгілі фильмнің бірнеше плакаты бар, бірақ жерге инъекциялы инелермен қадалған бетпердені бейнелеген постер ерекше. Бұл плакатта барлығы жақсы: шрифттердің диагоналды орналасуы, қызғылт-сары-қызылды-ақ түстер гаммасы және образдың өзі.

 

«Бойжеткен»

Алматы туралы қысқаметражды фильмнің қанық, жарқын, көгілдір постері жүрек пен көзді қуантады. Фондағы сары мотороллер – контрасты бейнелердің нақты дәлелі. Ақ шрифт жеңілдік пен көңіл-күй сыйлайды. Мұндай плакаттың кинотеатрлардың есігінде ғана емес, пәтерде де жақсы көрінетіні анық.

 

«Айдай сұлу Айсұлу туралы ертегі»

Бұл ертегі фильмнің әдемі бейнеленген плакаты бірнеше қоспалардан тұрады, әрқайсысының өзіндік мағынасы бар. Суретте ақшыл көк түс басымдау, ол осылайша тылсым нотаның бар екенінен хабар береді.

 

«Тығырықтан жол тапқан»

Костюм киген сенімді азаматтың сұлбасы болашағына қарай нық қадам басып келеді. Қызыл мен қара түстер және айқын сән үлгісі кеңес кезеңіндегі кітаптың мұқабасы секілді. Артқы планда шартты формада басты кейіпкердің басынан өтетін оқиғалар тізбектелген.

 

«Бақсы»

Көк теңіз толқынының шағын қоспасынан тұратын фонда жартастағы жазулар әрең көрініп тұр, сол жақ бұрышында бақсының қолын жоғары көтеріп тұрған сұлбасы бар. Оң жақ жоғарғы бұрышында – табынушылар әулие ағашқа байлап кететін маталар тілімі. Бұл бейнелердің барлығы мұның авторлық кино екенінен хабар береді. Бір қызығы, постердің бір нұсқасында фонда жартастағы жазуларда шұңқырға түсіп кеткен сәби бейнеленген, ал бақсының өзі кең ортаға орналасқан.

 

«Ине. Ремикс»

«Иненің» кеңейтілген және аздап боялған нұсқасы комикс стиліндегі жаңа постерге ие болды. Бір қарағанда, көрерменді Мороның анимациялық нұсқасы күтіп тұр деп ойлауға болады, бірақ бұл түпнұсқадан аса айырмашылығы жоқ фильм болып табылады.

 

«Шал»

Бетінде әжімдері бар қатал басты кейіпкер және суық көк түстер. Бұл әдісті кинематографшылар жиі қолданады. Дегенмен, «Шалдың» постері Қазақстанда голливудтық фильмдерге тән эстетиканы пайдаланған алғашқылардың бірі болды. Көкшіл-қызғылт-сары түстің өзі барлық батыстық картиналарда қолданылады. Бөтен біреудің дүниесін пайдалану – жақсы әдіс.

 

«Ботагөз»

Бойжеткеннің сұлбасы мен көзқарасы басты кейіпкердің бейнесін айқындай түседі. Түстер де қарапайым: қанық көкшіл-жасыл фон және жарқыраған қызғылт-сары орамал. Тағы да сүйікті контрасты әдіс. Негізі, заманауи мамандар кеңес кезеңіндегі кинематографшылардың әдісін жақсы меңгеріп алуы керек сияқты.

Шындығында, отандық кинематограф топтамасынан бұлардан да жақсы әрі әдемі постерлер мен плакаттарды кездестіруге болады. Барлығын тізбектеп шығу оңай шаруа емес, сондықтан бүгін аздаған бөлігін ғана көрсеттік. Болашақта қызықты нұсқаларын таңдап алып, сіздермен бөлісетін боламыз!

 

 

Варвара Литвинова

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

3 наурыз 2018, 00:09

Иә, постердің айтар ойы маңызды...

Мырзахмет

12 наурыз 2018, 23:39

Постер на фильм Тараз сделан, как без всяких нарекании. Постер на фильм Шал, тоже о главном персонаже, но могли и на фоне животных сделать. Постер на фильма Игла, очень ретро стиле, но зачем там дракон, он же не китаец. А кореец, и в этом его минус. Постер на фильм Бойжеткен, как раз этот скутер навевает и ностальгию. В целом неплохо.

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер