È

Жаңа жылдық үздік 10 фильм

Жаңа жылдық үздік 10 фильм

Жақында ғана ақпараттық порталдар жаңа жыл қарсаңында ең көп берілетін Эльдар Рязанов картинасының мереке қарсаңында «Бірінші арнадан» көрсетілмейтінін хабарлаған болатын. Енді ол «Ресей 1» арнасының көрермендерінің жүйкесіне тиетін болады. Ал қалған көрермендерге мерекелік демалыстарда біздің жаңа жылдық топтамамыздағы фильмдерді көруге кеңес береміз.


«Шынайы махаббат»

Ричард Кертистің фильмі ең үздік рождестволық фильмдердің бірі болып табылады. Бірнеше оқиғалардан тұратын альманах ең соңында бір мағынаны береді, туынды әр көрерменнің жүрегіне өзінше жол табады. Бұл фильмдегі қуаныш пен қайғыны, ерекше мерекелік атмосфераны басқа туындылардан көре алмайсыздар.

 

«Үйде жалғыз қалғанда»

Әлемдегі миллиондаған көрермендердің бала кезінен бергі сүйікті фильмі. Ұмытшақ ата-аналарының салдарынан жалғыз қалып қойған Кевин Маккалистер екі ұрлықшыға қарсы әрекет жасайды, бұл хикаяға мәңгі қарап отыра бергің келеді. Фильмнің екінші бөлімі біріншісінен ерекшелене қоймайды, бірақ өзің күткен нағыз қызықты фильм. Дегенмен, 90-жылдары атмосфералы кино түсіруді білген ғой. Бірақ, бұл жәй ғана балалық шақтың бал кезіне деген сағыныш шығар.

 

«Рождествоға сыйлық»

90-жылдардың тағы бір үздік фильмі, картинаға сол кезгі жастар пір тұтқан Арнольд Шварценеггер қатысқан. Атыс-шабыс фильмінің батыры бұл жолы жұмысты бірінші орынға қоятын, отбасылық мерекелерге үнемі кешігіп жүретін тым салмақты кәсіпкер ретінде танылады. Бірақ, барлығын Рождествода түземегенде, қашан түзеуге болады? Ол үшін балаңа арналған ойыншықты іздеу барысында от пен судан өтуге тура келеді.

 

«Бэтмен қайта оралады»

Фильмде Готэм қаласындағы рождестволық көңіл-күй сипатталады. Ол жақта түрлі сайқымазақтар пингвиндермен бірге баллды басқарады. Сонымен қатар, Мысық әйел мен Бэтменнің өзі де бар. Стандарттан тыс жаңа жылдық фильмдерді жақсы көретіндерге арналған керемет маскарад.

 

«Шыршалар»

Тимур Бекмамбетовтың ең алғашқы «Шыршалары» - мерекелік көңіл-күйді сыйлайтын ең қызықты фильм. Қалғандары онша емес, бірақ оливье салатымен шампан ішіп отырғанда көруге болады. Кертис фильмімен шабыттанған ресейлік киноальманах жақсы ойластырылған, ебін тауып жинақталған, әдемі түсірілген, тек бір ғана нәрсе бұзып тұр – ыстық бәліштер секілді дайындала беретін сансыз сиквелдер. Сондықтан, мерекеде алғашқы екі фильмді таңдағаныңыз дұрыс болады.

 

«Рождестволық жаңа ертегі»

Чарльз Диккенстің «Рождестволық хикаяларының» мазмұндамасында қызғаншақ сараң адамға өткеннің, қазіргінің және болашақтың рухтары келеді. Режиссер Ричард Доннердің көңілсіз әрі өнегелі ағылшындық хикаясы «Елес аңшылары» фильміне ұқсаған сатиралық ертегіге айналды.

 

«Байғұс Саша»

Тигран Кеосаянның тамаша киносы, оқиға 90-жылдары болған. Біраз детектив, аз ғана драма және комедиялық сәттер көптеп қосылса, жаңа жылдық ғажайыпқа толы сол кезді кәдімгідей сезіне аламыз. Стандарттан тыс басты кейіпкерлер: Александр Збруевтің орындауындағы қарақшы баукеспе, отбасылық бақыттан гөрі жұмысын бағалайтын банк қызметкері және оның тапқыр қызы көрермендердің жүрегіне жол таба білді.

 

«Сиқыршылар»

Стругацкийлердің «Дүйсенбі сенбіден басталады» романымен шабыттанған фильм сиқыр мен ғажайыптың ғылыми институты жайында баяндайды. Режиссер Константин Бломбергтің фильмі керемет шыққан, сол кезде сиқырланған қыз бен оның жігіті туралы заманауи ертегіні бейнелейді. Кадрда ертегіге тән барлық көріністер бар: сиқырлы таяқша, тамақтары дайын дастархан және т.б. заттар.

 

«Гринч - Рождестволық ұрлықшы»

Жасыл Гринчті шетелде жақсы таниды, ол қатігез әрі адамдардан көңілі қалғандықтан, балалардың мерекесін ұрлап жүреді. Фильмде оның рөлін Джим Керри сомдайды, оның мимикасын резіңке бетперден де байқауға болады.

 

«Диканька маңында орналасқан үйдегі кештер»

Гогольдің «Рождество алдындағы түн» повестінің экрандауын әлі де бір деммен тамашалауға болады. Ұста Вакула Оксанаға деген махаббатының арқасында патшайымға ұшып келіп, сәнді аяқ киімді сұрайды, ертегіге толы хикаяның бұл сюжеті басқалардан өзгеше. Бастысы – 1961 жылғы фильмді 2001 жылғы Филипп Киркоров ойнаған картинамен салыстырып алмаңыздар.

Енді сіздер мерекелік демалыстарда мынадай ауа-райында далаға шыққыларыңыз келмесе, немен айналысуды білесіздер. Жайлы көрсетілім тілейміз!

 

Варвара Литвинова

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

15 января 2018, 02:59

Всеми любимый "Один дома". Best of the best!

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер