È

2017 жылдың 10 дебютант режиссері

2017 жылдың 10 дебютант режиссері

2017 жыл дебюттерге бай жыл болды. Біз осыдан бұрын, жаңадан бастаған актерлар, актрисалар туралы жазған болатынбыз, ал бүгін оқырмандарды жұмыстарын енді ғана бастап, өздері үшін кинематографиядағы барлық мүмкіндіктерге жол ашқан болашақ режиссерлардың ондығымен таныстырамыз.


Олжас Ахметов

Алматыдағы «Сталкер» киномектебінің түлегі, Қазақстаннның ең қатал актерларын жинап, «Бөлінбейтін» деп аталатын өзінің толықметражды дебютін желтоқсан айында жарыққа шығарды. Олжас Ахметовтың фильмі шыққанға дейін, оны сырттай Тарантино мен Гай Ричимен салыстыра бастады, бірақ картинаға қатысты пікірлер біркелкі болмады. Фильмнің артықшылығына оның тың идеясын, актерлік шеберліктерін және жақсы темпоритмін, қазақ киносы үшін типтік фильм болмауы мен қызықты саунтрегін жатқызса, ал көрермендер фильмнің кемшіліктері ретінде операторлық жұмыстың нашарлығын және сценарийдің кейбір тұстарын атап көрсетті.

 

Алдияр Байрақымов

Алдияр Байрақымов өзінің алғашқы толықметражды фильміне ұзақ уақыт бойы дайындалды. Алдияр және шығармашылық әріптесі Венера Қайыржанова көптеген қысқа метражды фильмдерді, Instagram-ға арналған вайндарды және әлеуметтік роликтерді түсіріп үлгерді. Өткен жылы Алдияр мен Венераның, сценарийін Роман Жуков жазған «Хлоп-топ» қысқаметражды таспасы «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер бәйгесінде «Үздік сценарий» жүлдесін алды. «Кескінде» картинасы дебют ретінде сенімді, қызықты болды.

 

Ален Ниязбеков

Фото: Paparazzi.kz
Фото: Paparazzi.kz

Клипмейкер Ален Ниязбеков осы жылы «Питерден келген оралман» фильмін экранға шығарды. Бұл жинақы, күлкілі, бірақ бәрі орташа деңгейде жасалған өтпелі комедия. Ал 2018 жылдың ақпан айында бізді «Таиландтағы демалыс» атты көңілді хикаяларды уәде еткен комедиясы күтіп тұр.

 

Жәнібек Ғұсманов

«Мажорлар» фильмі дебютанттармен жасалған, абсолютті китч бола тұра, мұнда басты кейіпкер Марсельге ода айтылады, ол кадрда жас құдай, ал кадр сыртында продюсер, идеяның авторы, актер және оқымысты болып келеді. Жәнібек Ғұсманов та қалыс қалмайды, ол сценарист әрі «Мажорлар» фильмінің намысы мен абыройына айналған режиссер. Картинаның жақсы шықпағаны өкінішті. Енді жас режиссер қателіктерге жол бермей, қызықты әрі түсінікті фильмдер түсіреді деп үміттенеміз.

 

Бүркіт (Айбек Жансейітов)

Фото: Ардақ Төлеубай
Фото: Ардақ Төлеубай

Әнші Бүркіт те осы жылы өзінің алғашқы «Апан» атты картинасын ұсынды. Көпшілік фильмді триллер жанрында түсіріледі деп ойламаған. Ол кем дегенде жігерлі фильм болады деп күтілгенімен, әлсіздеу болып шықты. Неліктен олай екенін айту қиын. Таңдалған күрделі жанр, жеткіліксіз тәжірибе, түсірілім тобын салдарынан ба, әйтеуір «Апан» фильмі көрермендерге аса ұнай қоймады.

 

Виталий Кистанов

Географиялық қоғамның кəсіби операторы Виталий Кистанов шығармашылық картиналарын өз бетімен шығаруға дайын болды жəне «Тағы бір күн» фильмінің операторы, сценаристі, режиссері ретінде картинаны шығарды. Фильмнің бүкіл сюжеті Испаниядан келген фотографтың Шымбұлақтың маңындағы тауларда төтенше жағдайлардан қалай аман қалғаны туралы баяндайды. Қызықты идея мардымсыз және қызықсыз болып шықты. Бірақ картина үмітті ақтады.

 

Ардақ Төлеубай

Белгілі қазақстандық актер Азамат Сатыбалды продюсерлікке бет бұрды да, «Бір сен үшін» фильмін жалғыз өзі түсірмей, досы Ардақ Тілеубайды шақыруды ұйғарды. Екеуінің дебюті отандық телехикаялар секілді өте созылыңқы болса да, жақсы шықты.

 

Виктор Бормотов

Фото: Рагулин Виталий
Фото: Рагулин Виталий

Тағы бір қоюшы-режиссер режиссер болуды ұйғарды. Виктор Бормотов күлкілі емес әзілдерден тұратын комедия түсірді. Соған қарамастан, «Барлығы еркектердің кесірінен» картинасы көпшілікке ұнады, аса көп қателіктер болмады. Картинаны түсірушілер өздерінің қателіктерінен сабақ алады және келесі фильмдерінде көрермендерді қуантады деп сенеміз.

 

Берік Ошақбаев

Тағы бір триллерді (кез-келген жағдайда, кино түсірушілер оны солай сипаттайды) жас режиссер Берік Ошақбаев түсірді. Қызды өз машинасына отырғызып, міз бақпай өлтіріп тастаған қанішердің оқиғасы түсініксіз болды. Оның бүкіл сюжетін екі ауыз сөзбен айтуға болады: қанішер өз құрбанын ұстап, оны бір сағат қаланың ішінде алып жүреді, бір сағаттан кейін ғана оны полиция ұстайды. Ешқандай айқай-шу, ешқандай шиеленіс те, режиссерлік шеберлік те жоқ. Келешекте режиссер жақсы сценаристке жүгініп, қызықты, жоғары сапалы фильм түсіреді деп үміттенеміз.

 

Нияз Әбдіғапар

Комедия элементтері бар драмалық туындысын дебютант Нияз Әбдіғапар «Мұрагерлікке қалған махаббат» деп атады. Драма сәтті шықпады және комедия ретінде де аса сәтті болмады. Картина шыққаннан кейін, оған айтылған сын өршеленіп кетті, барлығы бірдей нәрсені қайталайды: шатасқан түсініксіз сюжет, Нұрлан Батыровтың нашар актерлік ойыны және түсініксіз кейіпкерлер.

 

Өмірде барлығы әйтеуір бір нәрседен бастайды, сол сияқты белгілі бір жетістікке жеткен режиссерлар да бір кездері дебютант болған. Алайда, барлық дебюттер бірден үлкен экраннан көрсетуге лайық емес. Жақсы нәтижеге жетудің ең жақсы және дұрыс жолы – роликтен бастап, сосын қысқаметражды фильм, содан кейін ғана толықметражды фильмді түсіру. Барлық дебютанттарымызға жаңа жылда сәттілік және мүмкіндігінше жаңа, қызықты жобалар тілейміз!

 

 

Варвара Литвинова

Превью: hommes.kz

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Венера Каиржанова

17 января 2018, 21:27

Здравствуйте. Спасибо Вам за интересную статью. Можно поинтересоваться, а почему тут нет Ернара Нургалиева?))

Brod.kz

17 января 2018, 22:40

Здравствуйте! У Ернара Нургалиева много замечательных и интересных проектов. Поэтому мы считаем, что полный метр - это лишь дело времени.

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер