È

Наурызға арналған көктемгі 10 фильм

Наурызға арналған көктемгі 10 фильм

Әйтеуір көктем келіп, күн жылынды-ау. Алдымызда ұзақ демалыс күтіп тұр, жұмысқа тек келесі дүйсенбіде шығамыз. Оқырмандарымыздың кешке таман бос уақыты бола қалса деген оймен, жағымды әсер қалдыратын отандық фильмдер топтамасын дайындап қойдық.


«Келін де адам баласы»

Келін мен ененің бір-бірінің денесіне ауысып кетіп, түсінісе бастағаны жайлы қызықты хикая мереке күндері отбасымен отырып, тамашалауға болатын керемет таңдау болары хақ. Әсел Сәдуақасова мен Данагүл Темірсұлтанованың жарқын дуэтіне сылбыр күйеуді сомдаған Данияр Алшынов пен Әбунасыр Серіков – генерал мен үйден қашуға даяр тұрған қайын ата рөлдері үйлесе кетті.

 

«Арманға қарай»

Алғашқы қазақстандық жаңа жылдық мюзикл Санжар есімді бала жайлы әңгімелейді, ол танымал боксшы Василий Левитке өз қолымен жасаған алтын медальді ұсынуды армандайды. Негізі, әсіресе, кинода жаңа жыл түнінде тілеген тілектердің, армандардың орындалатыны рас қой. Фильм түсіріліміне белгілі олимпиада чемпиондары атсалысқан. «Арманға қарай» фильмін «Бродвейден» онлайн түрле көруге болады.

 

«Қазақша кәсіп Америкада»

Кез-келген жолмен құрдымға кетуге шақ қалған қонақ үйін қалыпқа келтіруге тырысқан айлакер кәсіпкер Жомарттың түрлі туыстары жайлы өте табысты комедияның екінші бөлімі. Бұл фильмде ерекше Еркош кездеседі, ол көптеген былыққа тап болса да, соңында барлығын жөндеуге талпынады. Өкініштісі, бейнелі Мақпал тәтеге экранда аз уақыт берілген, тіпті басқа бөлелер де кадр сыртында қалып қойған.

 

«Лотерея»

Салмақты режиссер Дамир Манабайдың портфолиосында «Лотерея» фильмі – жалғыз комедия. Бірақ, жеңіл әрі күлкілі фильмнің мағынасы драмаға толы. Интернат тәрбиеленушісі кішкентай Әулет лотереядан кездейсоқ Волга автокөлігін ұтып алады. Осы кезде сиқырлы таяқша секілді, жетімнің аяқ астынан көптеген туыстары пайда болып, барлығы баланы өз қолдарына алуға асығады. Фильм жарқын кейіпкерлерге толы әрі түсінікті айтар ойы бар. Отбасылық көрсетілімге арналған. «Лотереяны» онлайн түрде біздің кинотеатрымыздан көре аласыздар.

 

«16 қыз»

Романтикаға толы жағымды махаббат хикаясы экранға 2016 жылы шыққан. Картинаның басты кейіпкері Бауыржан, оның ата-анасы балаларын үйлендіруге асығады, тойды аңсайды. Бір мәселе – Бауыржанның таңдаған қалыңдығы басқаға атастырылған. Бірақ, ол досына керемет қалыңдық тауып беруге уәде береді. Әрі қарай көрермендер қызықты хикаялардың, әзілдердің куәсі болады және дәстүрлі хэппи-энд те бар. «16 қыз» комедиясы онлайн-кинотеатрымызда қол жетімді.

 

«Гламур для дур»

Асқар Ұзабаевтың сатиралық картинасы әлеуметтік желінің күмәнді жақтарын және үнемі жұмысбасты жүретін ересектердің, балалардың қиын қарым-қатынасын баяндайды. Барлығы қанағаттандырарлықтай қамтылған. Жалпы, басты кейіпкерді сомдаған тартымды Ақбота Нұр-Сейтмағамбеттің ойынын тамашалау жағымды әсер сыйлайды. «Гламур для дур» комедиясын онлай көру үшін кинотеатрға өтіңіз.

 

«Қалай да той жасау»

Қазақтың тойы секілді шығынды, машақатты әрі көңілді нәрсе жоқ шығар. Режиссерлар Айдын Сахаман мен Қанағат Мұстафиннің жаңа комедиясы тойдың барлық қызығын көрсетеді. Басты кейіпкер Мақсат қарындасының «Қыз ұзатуын» өткізетін мейрамханаға төлейтін ақшаны аяқ астынан жоғалтып алады. Мақсат тығырықтан шығу үшін телесценарист әріптестерімен бірге тойдан ток-шоу жасап, тікелей эфир арқылы отбасылық машақатты көрсетеді. Егер сіз шынайы тойдың куәсі болып, барынша күлкіге қарық болғыңыз келсе, фильмге баруыңызға болады.

 

«Трубадур»

«Трубадур» – өмірді шексіз сүйетін Төлеш есімді қарапайым әрі елгезек жігіт туралы хикая. Бір күні ол өзі пір тұтатын музыкалық диджей Трубадурдың қолтаңбасын алу үшін Мәскеуге аттанады. Содан бастап қызықты хикаялар орын алады.

 

«Ұстаз»

Айсұлу Әзімбаева және Дастан Оразбековтың қатысуындағы музыкалық картина голливуд кинофильмдеріне ұқсамаса да, романтикалық кеште көруге болатын фильм екендігі даусыз. Әдемі сурет, жағымды музыка және шиеленіскен сюжет жақсы үйлесім тапқан.

 

«Наурыз.kz»

Сонымен, тізімдегі соңғы аккорд – бұл әрине, толықтай мерекеге арналған Асқар Бисембиннің «Наурыз» фильмі. Бұл жаңа жылдық «Шыршалардың» қағидасы бойынша құрылған альманах, мұнда барлық оқиғалар ең соңында бір-бірімен байланысады. Кадрда көптеген тамаша актерлар мен танымал бейнелер кездеседі. Көруге тұрарлық жағымды, әдемі кино.

Жағымды демалыс тілей отырып, Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

 

Варвара Литвинова

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер