È

Сәтті продакт-плейсменттің 5 мысалы

Сәтті продакт-плейсменттің 5 мысалы

Өткен мақаламызда «продакт-плейсмент». ұғымын жақсы пайдалана алмаған қазақстандық фильмдер туралы жазған болатынбыз. Енді керісінше «продакт-плейсмент» сәтті шыққан көркем картиналар туралы айтпақпыз.

«Коктейль для звезды»

Фильм ауылдан қалаға келген қыздың керемет сұлу, өзін өзі күтетін, стильді поп жқлдызға қызға айналуы жайлы болып көрінгенімен түрлі өнімдерді жарнамалаудың таптырмас әдісі. секілді болып көрінді. Қаншама сәнді орындарды жарнамалауға болады, Күлше қыз турады заманауи ертегіге түрлі жарнамаларды сәтті кіріктуріге болады, Алайда мұнда жарнама жоқ секілді.Мысалы бас кейіпкер Моляны сұлу қызға айналдыратын сән салоны Top Nails камераның объективіне аса ілінбеген. Дегенмен логотипі көрініп, өз ісін атқарып тұр.

Әрине, картинаныі ұсақ-түйек кемшілігін тізбектей беруге болады: картинаның продюсері Баян Есентаева «Ғашықтар әлемі» журналының бас редакторы болды, ол журналды кейіпкерлер парақтап отырады. Бір жағынан олар «Forbes» журналын оқымайд ғой. «Ғашық жүрек» фильмінің ұтқан жері сол, кейіпкерлердің бәрі қазақстандық шоу-бизнесті кеңістігінде өмір сүреді және фильмнің барлық атрибуттары, «Хит Тв» логотипі бар микрофондар, Rixos және Shine Production баспасөз қабырғалары ең алдымен фильмдегі оқиға үшін қызмет етеді, одан кейін ғана жарнама үшін.

«Алқызыл қоян туралы ертегі»

Фархат Шариповтың дебюттық фильмін де өнімдерді сценарийге зиян келтірердей жарнамалады деп айтпауға келмейді.. Басты кейіпкерлер уақыттарын «Том самом баре» барында өткізеді, «Алаша», «Чукотка» мейрамханаларында тамақтанады. Мейрамханалар мен барлардың жарнамасы қашанда фильмдерде болған, өйткені сценрийде де солай көрсетіледі. Мәселе сол орындарды көрерменге қалай көрсетуде.

Кейде көрермендерге күні кеше өздері барып тамақтианған мейрамхананы кинодан көріп отыруы ұнап та жатады. Яғни, бұл тенк пиар үшін емес, фильмнің сәтттілігі үшін де қажет, режииссер үшін де сәтті қадам, өйткені ол шынайы өмірде бар жерлерді, орындарды қамти отырып, оқиғаның шынайы шығуына әсер етеді.

«Қыз бен жігіт»

Біздің тізімдегі екінші дебюттық жұмыс. Жас режиссерлер жасырыны жарнаманы өздерінің фильмдерінде өте орынды, сәтті пайдалануды жақсы меңгерген. Шығармашылық көзқарастары жаңаша, идеяларын жеткізуге икемді. Сондықтан кейіпкерлер фейсбукте хат жазысады, Samsung телефанын қолданады, бірақ осының бәрін байқатпай, сюжет талабына сай кірістіреді.

Картинада Сүлеймен Демирел университеті де көрінеді, Сәкен Жолдас alma mater жақты мәдениетті түрде меңзейді. «Жаужүрек мың бала» және «Алқызыл қоян туралы ертегі» фильмдерінің постерін ерекше атап өтуге болады. өте тартымды әрі әзілмен жасалған.

«Қара майор»

Әскери драма - жасырын жарнаманы кіріктіре салатындай қарапайым жанр емес. Әсіресе оқиға ауғанстан мен Тәжікстанда болып жатса. Продюсер Арман Асенов продакт-плейсмент мәселесін оңай әрі сәтті шешіпті.

Фильмге майда-шүйде жарнамаларды тықпалай бермей, серіктесі ретінде «Казкоммерцбанк» банкін шақырыпты, аталған банк фильмнің түсіріліміне 7 миллион доллар, картинаның промоушн жұмыстарына тағы 10 миллион доллар қаржылай қолдау білдірген. Өз кезегінде фильмге кейіпкерлер қиналған кезде кқмек қолын созған Homebank қаржылай порталы және GO төлем картасы кіргізілген. Сонымен бәрі риза.

«Әдел»

Контекстік жарнаманың ең үздік үлгісі. Әңгіме бренд турады. Бұл жай ғана экрандағы уақытты алып қана қоймай, сюжетте де жақсы рөл ойнайды. Бұл Kazakhstan Cola қазақстандық компаниясы, оның дизайнын бас кейіпкер жасайды. барлық құпияны ашпай-ақ қоялық, дегенмен өте батыл, ерекше қадам болды. Бұл әрекетпен төмен құлдырауға да болады, бірақ режиссер мен сценарийстердің шеберлігінің арқасында барлығы сәтті шыққан. «Әдел» фильмін жасаушылар осындай ашық пиарға неге барды? Фильм продюсері Әсел Садвакасова мұны Comode сайтына берген сұқбатында айтып берді: «Мен екі жылдан бері «Kazakhstan Cola» компаниясының бренд-мепнеджері болып жұмыс істеймін, осы марканы түрлі бағытта насихаттаймын. Дәл осы компания «Әдел» фильмінің демеушісі болды. Сценраий жазу барысында фильмге продакт-плейсментті кіріктірдік. Бұлай істеу, әсіресе мелодрамада өте қиын болды». Кейде стандарттық өлшемге сай келмейтін шешімдер қабылдауға тура келеді.

 

Варвара Литвинова

Тақырып бойынша:

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер