È

Соғыс туралы 72 фильм. 1-бөлім

Соғыс туралы 72 фильм. 1-бөлім

Соғыс.... Бұл сөзде қаншама құпия жатыр. 1941-жылы сұрапыл соғысқа аттанып, 1945-жылы жеңіспен оралған жүздеген адамдардың арасында сенің туған әкең, күйеуің, атаң, апаң, ағаң болуы мүмкін. соғыс туралы кино түсіру өте қиын. Фильм жоғары деңгейде болмаса да, қалайда көрерменнің жан-дүниесіне әсер ететіні анық. Режиссер шеберлігінің бірі – нағыз батырлардың оқиғасын әсерлі етіп баяндау. Ұлы Отан соғысының аяқталуының 72-жылдығына орай, әр елдің түрлі жанрдағы картиналар топтамасын ұсынамыз.


«Анаға апарар жол»

Мемлекеті: Қазақстан

Жылы: 2016

Режиссері: Ақан Сатаев

Рөлдерде: Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов

Ілияс бала күнінен бері өмірге ғашық болып, адалдықты жақтап өсті. Оны аштық нәубеті кезінде жастайынан анасынан айырады. Бірақ, ол бәрібір Отанына адал қызмет етіп, Ұлы Отан соғысында туған елін барынша қорғайды. Ілияс адалдығы үшін түсініксіз түрде түрмеге қамалады. Алайда, оны анасымен кездесуге деген үміті алға жетелейді.

 

«Артымызда Мәскеу» (1967)

Мемлекеті: КСРО («Қазақфильм»)

Жылы: 1967

Режиссері: Мәжит Бегалин

Рөлдерде: Қуатбай Әбдірейімов, Владлен Давыдов, Анатолий Голик, Кәукен Кенжетаев

Картина «Волоколамск тас жолы» повестінің негізінде Бауыржан Момышұлы естеліктеріне арналған. Сюжет бойынша, 28 батырдан құралған дивизияға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олардың алдында Мәскеу түбегіндегі жаулармен күресу мақсаты тұрды.

 

«Таңдауға құқық жоқ»

Мемлекеттері: Қазақстан, Ресей, Украина

Жылы: 2013

Режиссері: Леонид Белозорович

Рөлдерде: Қуандық Қыстықбаев, Михаил Евланов, Александр Петров, Мария Луговая

Хикая қазақ жауынгері Қасым Қайсеновтың батырлығын баяндайды. Ол жалғыз өзі жаумен бетпе-бет келеді. Оған әскери қызмет туралы мүлдем түсінбейтін жергілікті тұрғындар ғана көмекке келеді. Кейіпкер берілмей, Отаны мен шейіт болған достарының алдындағы парызын адал атқарып шығады.

 

«Мергендер»

Мемлекеті: КСРО («Қазақфильм»)

Жылы: 1985

Режиссері: Болотбек Шамшиев

Рөлдерде: Марина Яковлева, Айтұрған Темірова, Вера Глаголева, Николай Скоробогатов, Елена Мельникова

Фильм Әлия Молдағұлованың тағдырын баяндайды. Соғыс нәзік аруды кез-келген жаумен күресе алатын мықты мергенге айналдырады. Режиссер кейіпкерді жан-жақты қырынан көрсетуге тырысты. Алдымен нәзік қыз ретінде, кейіннен мықты жауынгер ретінде көрсете білді.

 

«Мәншүк туралы жыр»

Мемлекеті: КСРО («Қазақфильм»)

Жылы: 1969

Режиссері: Мәжит Бегалин

Рөлдерде: Наталья Арынбасарова, Виктор Авдюшко, Иван Дмитриев, Нұржұман Ықтымбаев

Мәншүк Мәметоваға тағдыр неміс танкілермен күресуді жазыпты. Фильмде басты кейіпкер пулеметші Мәншүк Мәметованың бір күні суреттелген. Шынайы оқиға негізінде түсірілген картинаға тарихи деректер, ардагерлердің әңгімелері мен әскери журналистердің сөздері пайдаланылды.

 

«Ілбісіннің үш рет қарғуы»

Мемлекеті: КСРО («Қазақфильм»)

Жылы: 1986

Режиссері: Лейла Аранышева

Рөлдерде: Әбдірашид Әбдірахманов, Лев Перфилов, Сергей Колтаков, Сийм Рулли

Фантастикалық элементтері бар кеңестік таспа Қазақ ССР-інде соғыс кезінде неміс парашют-агенттерінің ұсталуын баяндайды. Дәл осындай дерек Каспий теңізінің маңында анықталған. Алайда, фильм авторлары әрекетті Іле Алатауында түсірген. Бұл жақта сюжет бойынша жанармай бекетіне фашистердің ұшағы келіп қонады. Жауларды қолға түсірумен капитан Қадыров айналысады.

 

«Таң алдындағы тыныштық»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1972

Режиссері: Станислав Ростоцкий

Рөлдерде: Елена Драпеко, Екатерина Маркова, Ольга Остроумова, Ирина Шевчук

Соғыс ешкімді аямайды. Кеше ғана бойжеткендер ғашық болып, күйеуге шығып, балалы болуды армандап, бақытты болашаққа жоспар құрып қойған еді. Ал бүгінде олар Отанын қорғау үшін жаулармен күресіп, зеңбірекші атанды. Әрекет ұрыс майданында өтеді.

 

«Ұшқан тырналар»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1957

Режиссері: Михаил Калатозов

Рөлдерде: Татьяна Самойлова, Алексей Баталов, Александр Шворин, Василий Меркурьев

Бұл соғыс туралы ең әсерлі кеңестік фильм шығар. Сюжет бақыттары бір-ақ сәтте соғыс салдарынан ойран болған қос ғашықтың оқиғасын баяндайды. Ұрыс адамдардың өміріне сұраусыз баса көктеп кіріп келді. Енді тек қана майданға аттанған жанмен қайта кездесуді күту үміті мен сенім ғана қалды.

 

«Перл Харбор»

Мемлекеті: АҚШ

Жылы: 2001

Режиссері: Майкл Бэй

Рөлдерде: Бен Аффлек, Джош Хартнетт, Кейт Бекинсейл, Кьюба кіші Гудинг

Соғыс жайындағы тағы бір керемет туынды. Бейбіт өмір әдеттегідей өтіп жатты. Екі ғашық бақытты болашақ туралы армандады. Алайда, соғыс оларды тек жауларымен ғана ұрыстырып қоймай, бір-бірімен де араздастырды. Достық пен қастық, махаббат пен өшпенділік, Отан алдындағы борыш пен уәде. Барлығы шиеленісіп кетті, әр кейіпкерге бір қорытындыға келердің алдында көп нәрсені түсінуге тура келеді.

 

«Пианиношы»

Мемлекеті: АҚШ

Жылы: 2002

Режиссері: Роман Полански

Рөлдерде: Эдриан Броуди, Эмилия Фокс, Даниэль Кальтаджироне, Эд Стоппард

Картина шынайы оқиға негізінде түсірілген. Ол байлықты да, құрметті де, халық махаббатын да - барлығын көрді. Владек белгілі бір пианиношылар ортасында танымал болды. Бірақ, барлығы бір сәтте ойрандалады. Еврейлер ұлтшылдардың келуіне байланысты заңсыз түрде Польшаға тұрақтайды. Сондықтан, мансап құру арман болып қалды. Владекті жасырын пәтерге, жатаққа орналастырады, өйткені осыншалықты дарынның соғыс шеңберінде құрып кетуін қаламайды. Алайда, ерте ме, кеш пе, ұлтшылдар бәрібір оны байқап қояды.

 

«Көктемнің 17 сәті»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1973

Режиссері: Татьяна Лиознова

Рөлдерде: Вячеслав Тихонов, Леонид Броневой, Екатерина Градова, Ростислав Плятт

Бұл кеңестік хикаяны әр адам білетін шығар. Фильмдегі сәттерді барлығы нақыл сөзге айналдырып үлгерген. Штандартенфюрер Штирлиц немесе кеңестік барлаушы Исаев қиын жағдайға тап болады. КСРО-ның билік бөлмелерінде және фашистік Германияда жақында соғыс аяқталатыны жөнінде әңгімелер жүреді. Штирлицке соғы тапсырманы орындауға бұйырады.

 

«Кіші Александр»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1981

Режиссері: Владимир Фокин

Рөлдерде: Борис Токарев, Юрий Назаров, Михаил Кокшенов, Олаф Шнайдер

Сюжет бойынша 1945 жылдың мамыр айында Бланкенгайм кішігірім қалашығында вервольфшылардың балалар үйіне жасаған шабуылы кезінде кеңес жауынгерлерінің емшектегі сәбиді құтқарғаны көрсетіледі. Сәбиге кіші Александр деген есімді кеңес жауынгерлері қояды. Картина 1945 жылдың мамыр айындағы оқиғаны баяндайды.

 

«Альпілік баллада»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1965

Режиссері: Борис Степанов

Рөлдерде: Любовь Румянцева, Станислав Любшин, Алексей Котрелев, Владимир Белокуров

Бұл оқиға әскери тұтқындар жататын фашистік лагерінде болған. Орыс жауынгері Альпідегі зауыттардың бірінде жұмыс істейді. Бір күні оған бес достарымен бірге қайғылы жағдайға байланысты қашуға тура келеді. Бірақ, тек басты кейіпкер ғана қауіпсіз жерге жасырынады. Ол сол жерде тұтқын ретінде ұстап отырған басқыншылардан қашып жүрген әдемі итальяндық бойжеткенді кезіктіреді.

 

«Жауынгер туралы баллада»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1959

Режиссері: Григорий Чухрай

Рөлдерде: Владимир Ивашов, Жанна Прохоренко, Антонина Максимова, Николай Крючков

Бұл - Отан алдындағы борыш пен ана алдындағы парызды бір уақытта өтеудің қиын екендігін баяндайтын оқиға. Жауынгер Скворцов бір мезетте Ұлы Отан соғысының батыры атанады. Алайда, ол ордендердің орнына туған үйіне, анасына жіберуді өтінеді. Осы кезде оның алдынан түрлі кедергілер шығады...

 

«Шайқасқа шалдар ғана барады»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1973

Режиссері: Леонид Быков

Рөлдерде: Леонид Быков, Сергей Подгорный, Сергей Иванов, Рустам Сагдуллаев

Соғыста жиырма жасар жігіттер де «шалдар» болып саналады. Сондықтан, көңілді әрі қатал капитан Титаренко жеделдетілген бағдарлама бойынша дәріс алған жазғы училищенің жас бітірушілерін әскери таспсырмаларға жібермеді. Бірақ, көп ұзамай жастардың өзін-өзі көрсететін сәт те туады.

 

«Соғыстан кейін сағат алтыда»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1944

Режиссері: Иван Пырьев

Рөлдерде: Евгений Самойлов, Марина Ладынина, Иван Любезнов, Ариадна Лысак

Қыз бен жігіттің махаббат пен жаңа кездесуге деген құлшынысы арқылы ұзақ соғысты өткеруі туралы әдемі оқиға. Майданға аттанар алдында олар соғыс аяқталған соң Тас көпірде жолығамыз деп келіскен еді. Осылайша, соғыс бойы қаншама қиындықтарды бастан өткерсе де, бір-бірімен міндетті түрде қайта кездесетініне сенді.

 

«Тұманда»

Мемлекеттері: Ресей, Германия, Нидерланды, Латвия, Беларусь

Жылы: 2012

Режиссері: Сергей Лозница

Рөлдерде: Владимир Свирский, Владислав Абашин, Сергей Колесов, Никита Перемотов

Бірнеше мемлекеттің біріккен жобасы жолшы Сушеннің оқиғасын баяндайды. Неміс фашистерімен басып алынған Белоруссияда кімнің дос, кімнің дұшпан екенін айыру қиын еді. Кеңес партизандары Сушенді «басқыншыларға қызмет етесің» деп айыптайды. Бірақ, ол жауларға берілмеуге барынша тырысады. Оған түрлі әрекеттерге баруға тура келеді.

 

«Отан үшін»​

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1943

Режиссерлері: Всеволод Пудовкин, Дмитрий Васильев

Рөлдерде: Николай Крючков, Елена Тяпкина, Михаил Жаров, Мария Пастухова.

Картина 1943 жылы соғыстың өршіп тұрған шағында түсірілген. Сол себепті, басты кейіпкер капитан Сафоновтың өзі жақсы көретін барлаушы қызды қауіпті тапсырмамен жаулардың жатағына жіберетіні таң қалдырмайды. Немістер қыздың келе жатқанын бір сатқыннан естіп қалады да, жоспарлары жүзеге аспай қалады. Енді капитанның міндеті – сүйіктісін құтқару. Ол бойжеткенді құтқаруға тәжірибелі жауынгерді жібереді.

 

«Ыстық қар»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1972

Режиссері: Гавриил Егиазаров

Рөлдерде: Георгий Жженов, Анатолий Кузнецов, Борис Токарев, Вадим Спиридонов

Фильм Сталинградтағы шайқасқа арналған. Ол жерде кеңес жауынгерлері ерекше мықтылықпен көзге түсіп, жауға қарсы тұрып, батырлықтарын танытады. Картинаның мақсаты – туған жерін қорғаған кеңес жауынгерлерінің жігер күші мен жан толғанысын жеткізу.

 

«Соғыссыз өткен жиырма күн»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1976

Режиссері: Алексей Герман

Рөлдерде: Юрий Никулин, Людмила Гурченко, Алексей Петренко, Ангелина Степанова

Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласынан алыс болған КСРО аймақтарындағы оқиғаны баяндайтын сирек фильмдердің бірі. Картина 1942 жылдың соңын көрсетеді. Көрермен Сталинград шайқасын жариялағаннан кейін демалыс алған майдангер журналист Лопатиннің көзімен сол жылдары Ташкенттің қалай өмір сүретінін бақылайды. Лопатин аралас сезімдерді бастан өткереді. Бір жағынан – жерлеулер болса, екінші жақтан – мәдени өмір мен махаббат күтіп тұрады.

 

«Екі Федор»

Мемлекеті: КСРО

Год: 1958

Режиссері: Марлен Хуциев

Рөлдерде: Василий Шукшин, Николай Чурсин, Тамара Семина, Юрий Елин

Соғыстан кейінгі жайдары оқиға. Майданнан оралған Федор өзімен аттас панасыз баланы жолықтырады. Соғыс батыры үйленбей тұрып, жауынгер мен бала достасып кетіп еді. Оған жақсы қыз жолықты. Бірақ, кішкентай бала бәрібір жауынгерді қыздан қызғанып, үйден қашып кетеді.

 

«Кездескенше, балалар!»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1964

Режиссері: Михаил Калик

Рөлдерде: Евгений Стеблов, Николай Досталь, Михаил Кононов, Наталья Богунова

Соғысқа дейін теңіз жағалауында тұрған үш достың оқиғасы. Олар алдарында не күтіп тұрғанынан бейхабар еді. Фильм достық, алғашқы махаббат пен өмір мәні туралы ойларға бай. «Кездескенше, балалар!» фильмі соғыстың кешегі алаңсыз балаларды өмірдің қиындығын көрген адамдарға айналдыратынын көрсетеді.

 

«Женя, Женечка және «Катюша»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1967

Режиссері: Владимир Мотыль

Рөлдерде: Олег Даль, Галина Фигловская, Михаил Кокшенов, Павел Морозенко

Владимир Мотыльдың фильмі соғысты басқа қырынан көрсетті. Өйткені, оның басты кейіпкерлері кеңес жауынгерлердің класиикалық образына сай келмейді. Женя Колышкин үнемі ыңғайсыз жағдайларға тап бола береді. Бір күні ол аяқ астынан неміс блиндажын (бомбадан қорғану үшін қазылған орын) кезіктіріп қалады да, гауптвахтаға қамалады. Ол жақта байланысшы Женечкамен танысады. Кейіннен Женечка Женяның тағдырында өз рөлін ойнайды.

 

«Қысқы таң»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1966

Режиссері: Николай Лебедев

Рөлдерде: Татьяна Солдатенкова, Константин Корнаков, Николай Тимофеев, Вера Кузнецова

Сюжет Санкт-Петербург тарихындағы қайғылы жағдайларды баяндайды. Блокадалы Ленинградта Катя кезекті бомбадан соң бір баланы құтқарып, оны Сережа деп атайды. Бірақ, барлығы өзгеріп сала береді. Катя енді оның кедей туысы болып шағады.

 

«Генерал Шубниковтың корпусы»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1980

Режиссері: Дамир Вятич-Бережных

Рөлдерде: Анатолий Васильев, Виктор Коршунов, Евгений Леонов-Гладышев, Марина Яковлева

Фильм В. Баскаковтың соғыс туралы повестерінің желісімен түсірілген. Картина 1942 жылдың қыс мезгіліндегі оқиғаны баяндайды. Сюжет бойынша генерал Шубников Ржевтен Сталинградқа бара жатқан Гитлердің танк дивизиясы назарын басқа жаққа аудару керек болады.

 

«Соғыс жолдарында»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1959

Режиссері: Леон Сааков

Рөлдерде: Всеволод Санаев, Анатолий Кузнецов, Юрий Соловьев, Евгений Шутов

Фильм елеусіз майдан сарбаздары – әскери журналистер мен операторлар туралы баяндайды. Басты кейіпкер кинооператор Владимир Сушков барлық жауынгерлермен бірге бүкіл соғысты өткеріп, жолында кездескеннің барлығын таспалап отырды. Кейіпкер барлық оқиғалардың куәгері атанды. Бірақ, оларды халыққа жария қылудың жалғыз жолы – фильм арқылы ғана көрсете алатын еді.

 

«Берлинге апарар жол»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1969

Режиссері: Михаил Ершов

Рөлдерде: Николай Трофимов, Геннадий Карнович-Валуа, Гелий Сысоев, Степан Крылов

Фильм Ұлы Отан соғысының көп күттірген сәті – Берлинге шабуылы туралы баяндайды. Авторлар 1945 жылдың көктемінде болған маңызды әрі қызықты сәттерді көрсетеді.

«Ұмытпа… Луговая бекеті»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1966

Режиссерлері: Никита Курихин, Леонид Менакер

Рөлдерде: Георгий Юматов, Алла Чернова, Валентина Владимирова, Валентина Кибардина

Жас лейтенант пен мектеп бітіруші қыздың махаббат оқиғасы. Олар босқындар пойызы мен әскери эшелон бір бекетте тоқтап тұрған кезде бірнеше күнді бірге өткізді. Жастар бір-біріне дәл осы жерге хат жазып тұруға уәделесті. Бірақ, оқиға соңы бақытты аяқтала ма, әлде қайғылы жағдай бола ма, оны көрермен фильмді соңына дейін көріп болған соң ғана біле алады.

 

«Мәскеу аспаны»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1944

Режиссері: Юлий Райзман

Рөлдерде: Петр Алейников, Николай Боголюбов, Иван Кузнецов, Петр Соболевский

Екінші дүниежүзілік соғыстың куәгері болған фильм Мәскеу аспанын қорғау тапсырылған жас ұшқыш Илья Стрельцовтың оқиғасын баяндайды. Картина маңызды тарихи құндылықтарды ұсынады. Өйткені, соғыс кезінде түсірілген фильмдер кейін түсірілгендерден әлдеқайда сенімдірек әрі шынайы болады.

 

«Бағынбайтындар»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1945

Режиссері: Марк Донской

Рөлдерде: Амвросий Бучма, Вениамин Зускин, Лидия Карташова, Даниил Сагал

ҰОС аяқталуымен жасты картина фашистер басып алған аймақтардағы адамдардың өмірін баяндайды. Тарас Яценко мен оның отбасы таңдау алдында тұрады - кеңес державасына адалдық танытып, өлім құшу немесе қулыққа барып, басқыншыларды жақсы ниеттеріне сендіру. Ал сіз кейіпкердің орнында болсаңыз, қандай әрекетке барар едіңіз? Бұл сұраққа картинаны көріп болған соң, жауап беріп көріңіз...

 

«Әй, жастар-ай»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1969

Режиссері: Резо Чхеидзе

Рөлдерде: Лейла Кипиани, Каха Коридзе, Гоча Ломая, Тамаз Толорая

ҰОС грузиндік көзқарас. Сюжет бойынша Тбилиси мектеп түлектерінің мектеп бітіру кеші кезінде соғыс басталып кетеді. Олар бақытты болашақ туралы армандайды. Бірақ, келесі күні майданға аттануға мәжбүр болады. Кейіпкерлер жан-жаққа кетердің алдында «қайта кездесеміз» деп бір-бірімен уәделеседі. Алайда, тағдырдың оларға дайындап қойған тосын сыйы басқа еді...

 

«Олар Шығысқа қарай жүрді»

Мемлекеті: КСРО, Италия

Жылы: 1964

Режиссерлері: Джузеппе Де Сантис, Дмитрий Васильев

Рөлдерде: Артур Кеннеди, Жанна Прохоренко, Раффаель Пизу, Татьяна Самойлова

Өз елінде фашистік басқыншылықтан зардап шеккен Италия КСРО-мен бірігіп, соғысқа қатысты өз оқиғаларымен бөлісті. Сюжет бойынша бір топ әскерлер Мәскеуге бара жатқан жолда шаруа Бадзокки қайтыс болады. Итальяндықтар Дон өзенінің маңына келгенде кейін шегінуге мәжбүр болады. Өйткені, немістер жаралылар мен суықта қатып қалғандарды аямайтын еді.

 

«Барлаушының ерлігі»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1947

Режиссері: Борис Барнет

Рөлдерде: Павел Кадочников, Виктор Добровольский, Дмитрий Милютенко, Сергей Мартинсон

Фильм кеңес барлаушысы Алексей Федотов туралы. Ол басып алынған Виницада (Украина) кезекті қауіпті тапсырманы орындау үшін Генрих Эккерт есімімен жасырынып жатады. Басты кейіпкер көрерменге кез-келген тығырықтан жол таба білетін ақылды, зерек, қу болып көрінеді.

 

«Майданнан жауынгер келді»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1972

Режиссері: Николай Губенко

Рөлдерде: Наталья Бондарчук, Виктор Филиппов, Михаил Глузский, Николай Губенко

Соғыстан оралған жауынгерлердің көрген оқиғаларын баяндайтын ауыр фильм. Бұрынғы ұстаз Николай Егоров туған ауылынан ештеңе қалмағанын көреді. Сонымен қатар, Николай әйелінің қайтыс болғанын естіп қиналады. Бірақ, ол әрі қарай өмір сүруге талпынады.

«Барлаушылар»

Мемлекеті: КСРО

Жылы: 1968

Режиссерлер: Игорь Самборский, Алексей Швачко

Рөлдерде: Алексей Смирнов, Иван Миколайчук, Владимир Емельянов, Леонид Быков, Константин Степанков, Людмила Марченко

Картина Дунай өзенінің бойындағы оқиғаны баяндайды. Ол жерге сюжет бойынша мина қойылған. Бұл жолмен қаланың ашыққан тұрғындарына азық-түлік жеткізу мүмкін емес. Ол үшін алдымен барлаушылар жаудың ұясынан картаны алып келулері тиіс.

 

«Еліктеушілік ойыны»

Мемлекеті: Ұлыбритания, АҚШ

Жылы: 2014

Режиссері: Мортен Тильдум

Рөлдерде: Кира Найтли, Бенедикт Камбербэтч

Фильм британ ғалымы Алан Тьюрингтің тағдыры туралы, ол «Энигма» құралының жұмыс істеу тәсіліп біліп алып, неміс әскерлерінің шифрлы кодын табады. Картинада Тьюрингтің тыңшылардың жүйесін қалай шешкені баяндалады. Құпия кодты табу жарты іс болса, бұл ақпаратты жарияға жар салмау ең маңызды іс болып табылады. Сондықтан, құпия мәліметті біліп алған Тьюрингке босаңсуға болмайды. Фильм сценаристі - «Бейімделген үздік сценарий» үшін «Оскарды» иеленген Грэм Мур.

 

 

Альберт Ахметов

Жалғасы бар...

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер