È

Хэллоуинде не көруге болады: отандық қорқынышты 5 фильм

Хэллоуинде не көруге болады: отандық қорқынышты 5 фильм

Егер биылғы жылы айналымға шыққан Пеннивайз сайқымазағының немесе танымал қорқынышты фильм кейіпкерлерінің костюмдерін киюге құштар болмасаң, онда саған соның баламасын ұсынамыз. Отандық кинематографшылардың елестер мен зомбилер туралы картиналарын күздің салқын кешінде тамашаласаң болады. Кариналардың барлығы қорқынышты болмаса да, көңіліңнен шығады деген ойдамыз.


«Б.А.Я»

Режиссері – Сабыр Омар.

Рухтар мен елестердің шетелдік режиссерларды бей-жай қалдырмайтынын білеміз. Бұл тақырыпты қазақстандық кинематограф та айналып өтпеді. Былтыр Сабыр Омар «Б.А.Я» қорқынышты фильмін түсірген, сюжеті жастар арасында болған үш оқиғамен тығыз байланысты. Режиссердің сөзінше, аталмыш оқиғалар шынайы өмірде болған. Осы деректі білген адамға фильмнің қорқынышты болары хақ.

 

 

«М-агент»

Режиссері – Еркін Рақышев.

Хэллоуинге арналған сауық кештен қайтып келе жатқанда, абай болыңыздар, болмаса «М-агент» картинасының кейіпкерлері өткерген оқиғаға тап болып қалуыңыз мүмкін.

Дәулетті отбасынан шыққан жастар түнде кезекті сауықтан қайтып келе жатып, бір бойжеткенді байқаусызда қағып кетеді. Жастардың ешқайсысы түрмеге түскісі келмейді, сондықтан жақын маңдағы жарға мәйітті тастай салады. Біраз уақыттан кейін барлығының осы қылмысы үшін жаза тартатынын кім білген? Ал жаза әдісі «Mail.Ru Агент» әлеуметтік желісі арқылы іске асады.

 

«Өлгендермен Selfie»

Режиссері – Дәулет Әуелбеков.

Ақырзаман зомбилері туралы «Тірі өліктер» сегіз маусымнан тұратын американдық хикаясы бар. Дәулет Әуелбеков те осыған ұқсас туындының бізде де болғандығын қалап, аталмыш фильмді түсірген сияқты.

Қазақстан халқы құпия түрде өткізілген сәтсіз зерттеудің нәтижесінде масалар тасымалдайтын қауіпті вирустың құрбанына айналады. Аурулардың арасында Асанның да ұлы бар. Азамат баласын құтқару үшін вакцина алып келу мақсатымен басқа қалаға аттанады. Жолда оған уға қарсы дәрі іздеп жүрген қорқынышты зомбилер мен қауіпті адамдар жолығады.

 

«Махаббат- зұлымдық»

Режиссері – Тұрсын Құлахметов.

Махаббат қорқынышты фильм түсіруге себеп болуы мүмкін. Оған қоюшы Тұрсын Құлахметовтың «Махаббат-зұлымдық» фильмі дәлел.

Жаңадан үйленген Руслан мен Лера бақытты өмір сүреді. Бірақ, барлық жұптар секілді олар да ұрсып қалады. Кезекті бір ұрыстан соң әйелдің анасы көмек сұрап бір балгерге барады. Енді жас жанұяда түсініксіз бір жағдайлар орын алады. Қуантатын бір ғана нәрсе: жігіт сүйіктісінен айырылғысы келмейді де, соңына дейін күреседі.

 

«Фуга. Ешқайда апармайтын жол»

Режиссері – Самад Сұлтан.

Бұл фильм психологиялық триллер жанрына жатады. Бірақ, аталмыш картинаны көрген адамның денесі тітіркеніп, қорқатыны анық. Жалпы, «Фуга. Ешқайда апармайтын жол» - Әсел Сәдуақасованың бұрынғы шығармашылығындағы туынды. Диссоциативті фугасы анықталған Майя аяқ астынан орманда жападан жалғыз қалып қалады. Ол соңғы күндері не істегенін және бұл жаққа қалай тап болғанын білмейді. Майя орманда тағы да біреудің барын сезеді. Сол белгісіз біреудің оған жақсылық ойламайтыны анық.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Ануар Кенжибаев

27 қазан 2017, 21:04

Фуга)

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер