È

Постерлердің қысқаша тарихы

Постерлердің қысқаша тарихы

«Постер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда - «жабысып, ілінген» дегенді білдіреді, кеңестік кезеңдегі немістің «das Plakat» немесе француз тілінің «affich» сөзімен белгілі. Жарнамалық постерлер, әуелден-ақ, көрермендер киноға билет сатып алу үшін коммерциялық мақсатта шығарылғанын ұмытпау керек. Бір ғасырдан астам уақыттан кейін де ештеңе өзгерген жоқ, тек бүгінде графикалық дизайнерлердің көз тартар құралдары көбейді. Дегенмен, постерді жасаудың негізгі жиынтығы өзгеріссіз қалды - сурет, атау, негізгі сөз тіркесі және фильм жасаушылардың есімдері жазылған блок. Әрбір дизайнер бірнеше ережелердің көмегімен көрерменді қызықтыру үшін аталған элементтерді күрделі етіп біріктіреді.

Постердің пайда болуы

Бірінші заманауи постерді Жюль Шере ағайынды Люмьерлердің ең алғашқы әйгілі 49-секундтық «Суарғыш» (1895) қысқаметражды фильміне дейін бірнеше жыл бұрын шығарған болатын. Марселин Озольдің танымал постері француздық постимпрессионист Тулуз-Лотректің стилінде дайындалды.

Флагмандар

Бүгінде көптеген афишалар сәнді әрі заманға сай, ал олар бір ғасырдан кейін де осылай сақтала ма?! «Метрополис» (Германия, 1926) фильміне арналған постер дәл сол қалпында қалды.

2012 жылы Хайнц Шульц-Нойдаммның плакаты 1,2 миллион долларға сатылды. Барлығы төрт түпнұсқалық плакат сақталған: олардың иелері - Ральф Де Лука, Леонардо Ди Каприо, Нью-Йорктегі қазіргі заманғы өнер мұражайы және Австрия Ұлттық кітапханасының мұражайы.

Постердің екінші жарқын үлгісі «Кинг Конг» (АҚШ, 1933) болып саналады.

Шарықтау шегіндегі сахнаны таңдап және әйгілі шрифтті қолдану арқылы, бұл постер коллекция жинаушылардың қызығушылығын тудырған нысанға айналды. 1999 жылы постер 244,500 долларға сатылды.

Үшіншіге «Жақтар» фильмінің постерін атауға болады (АҚШ, 1975).

Бұл кәдімгі ақ акуланы жағымсыз бейнеде көрсеткен 70-ші жылдардағы ең қорқынышты фильмінің ең танымал афишасы болды. Роджер Кастельдің композициясы киноға жаңа тыныс берді, бүгінгі күні көпшілігі осы техниканы жақсартуға тырысады, бірақ, өкінішке орай, бұл жәй ғана нашар имитация болып қала береді.

Заманауи үлгі ретінде «Қылмыстық оқиғаларды» (АҚШ, 1994) айтуға болады.

Романның мұқабасының постер-имитациясы оны қайта-қайта қолданғанға ұқсайды және барлық жерде ескірген күйде пайдаланылған. Афиша өзіндік мысқылға толы, мысалы, Ума Турманның (Мия) кейіпкері мұқабасына ұқсас романды өзі оқиды.

Постердегі есімдер

Ұзақ уақыт бойы постерлерде актерлардың есімдері жазылмады, бірақ Universal киностудиясының иесінің арқасында барлығы өзгерді.

Томас Эдисонның Motion Pictures Trust монополиясына қарсы әрекет етуші Леммле басты кейіпкер Флоренс Лоуренстің қайтыс болуын сары басылымдарда «Байографтың қызы» немесе «мыңдаған бет-жүзі бар қыз» белгісімен жариялап, кинотеатр аудиториясының назарын аударды. Барлығы оның өліміне сене бастағанда, Леммле киноға келгендерге актрисаны тірідей көрсететінін айтып, уәде берді. Осылайша, Флоренс Лоуренс есімі басылған алғашқы актриса атанды, ал Леммленің арқасында Голливуд бүгінде «жұлдыздар конвейерімен» мақтана алады.

Танымал есімдерден бөлек, постер жасаушылар суреттің төменгі бөлігіне картинаға өз қолтаңбасын қалдырған барлық адамдардың есімдерін жазады.

Карл Леммле

Бар мәселе мәтінде

Уақыт өзгерді, сәйкесінше постерлердегі мәтіннің қолданылуы мен қаріп те өзгеріске ұшырады. Бастапқыда мәтін мен қаріптің ешқандай маңызы болмады, барлығы тек картинаға мән беретін. Бірақ киноөндірістің дамуына байланысты, афиша жасаушылар мәтінмен түрлі тәжірибе жасап көрді.

«Дәрігер Стрейнджлав, немесе мен қалай қорқынышымды жеңіп, жарылысты жақсы көріп кеттім» (АҚШ, 1964).

Ерекше орналасқан фильмнің атауы маңызды рөл ойнайды, әйтпесе ешкім мәтінді оқымас та еді, фильмді көрмес те еді.

 

«Өкіл әке» (АҚШ, 1972)

Бұл атау көрермендердің мәңгілік есінде сақталатындай етіп шығарылған. Билік пен дін жайлы тұспалдардың әсерлілігі соншалық, біз үшін оның қызықты болатынын білеміз.

«Буржуазияның қарапайым тартымдылығы» (Италия, Испания, Франция, 1972).

Дадаистикалық өнер үлгісі – ортасындағы қаріпі көзге бірден түседі, қараңызшы Helvetica қандай әдемі жазылған.

«Әлеуметтік желі» (АҚШ, 2010).

Соңғы кезде, Нейл Келлерхаус арқасында жұлдыздардың суреттерінің үстіне мәтінді енгізу әдісі жиі қолданылады, бұл оның басты айырмашылық белгісі. Фильмнің жазуы мен ұраны алдыңғы қатарға шықты, ал фильм атауы ұсақ қаріптермен жазылып байқалмай да қалатын.

0-ден 100-ге дейін

Постерлер үлкен таралыммен басып шығарылғанына қарамастан, оларды бірнеше рет пайдаланды. Мысалы, АҚШ-та картина елдің барлық аймақтарына көрсетіліп жатқанда, кинотеатрлар постерлерді бір-біріне кезекпен беріп отырды. Ал көрсетілім аяқталғаннан кейін постерлерді киностудияға қайтарып берді немесе оларды жарамсыз болғандықтан тастауға тура келді.

1939 жылдан 1980 жылдың ортасына дейін АҚШ-та постерлер «Ұлттық кино қызметінде» басылып шықты, сондықтан сол кездегі постерлерден 2 санды ғана көруге болады: жылы және шығарылым нөмірі (сол жылы фильмнің нешінші болып шығарылғаны жайлы). Коллекция жинаушыларға бұл постерлердің ғаламторда, атап айтқанда, eBay-да сатылатын түпнұсқасын түсінуге мүмкіндік береді.

Мазмұнды пішінмен қалай беруге болады?

Постердің ортасында сурет қалады. Сандық ғасырға дейін картина қолмен салынды, жұмыс барысы ұзақ уақытқа созылатын, дегенмен қазірдің өзінде графикалық дизайнерлерге Photoshop-тың ондаған түрімен жұмыс істеуге тура келеді.

«Бас айналдырар» (АҚШ, 1958)

Заманауи өнер үлгісінің туындысы, Сол Басстың ашық түстер мен ерекше пішінді өзіндік стилі Хичкок фильмінің атмосферасын бере алды. Көрнекі брендинг – оның үздік орындауынан фильмде кейіпкердің үнемі оқиға ортасында жүретінін түсінеміз.

«Ғажайып жетілік» (АҚШ, 1960)

Тағы да Сол Басс драманың түпнұсқасы Акира Куросаваның «Жеті самурайының» желеуімен постерді түгел қамтитын, фильмді тұспалдайтын үлкен қызыл бояумен ортасына назар аудартады. Дизайн, 60-шы жылдар үшін шектен тыс (классикалық бағыт үшін түсініксіз, тым көп қызыл бояулар бар).

«Тиффанидегі таңғы ас» (АҚШ, 1961)

Постерде дәл ортасында қолына мундштук ұстаған және мысықты көтеріп тұрған бас кейіпкер Холи Галайтлидің мінезі ашыла түседі. Үлкен түрлі-түсті блоктар - Мондрианның қайталамасы (60-шы жылдардағы Ив Сен Лоранның әйгілі көйлектер топтамасына да назар аударту).

«Солярис» (КСРО, 1972).

Дөңгелектің мәні – кезең мен аяқталмағандықтың белгісі. Бұл әдіс осы постердің арқасында басқа да сай-фай фильмдерде қолданылды.

 

«Нью-Йорк, Нью-Йорк» (АҚШ, 2008)

Медиаға араласу, талпыныс постерде көрсетілмейді. Сондықтан, бұл афиша ерекше: оптикалық сағым және сценарийдің философиялық қиындығын сездіретін қулық бар.

Кво жағдайы

Қазір компьютерлік постерлер («мостер» деп аталады) танымал бола бастады. Оның үстіне, «Күнделікті постер» жобасын іске асырған графикалық дизайнер Пит Маджарич немесе Mondo студиясы сияқты көптеген дизайнерлер қолданыстағы постерлерді қайта шығаруға тырысып жүр.

Дина Чутенева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер