È

Шынайы дарын иесі

Шынайы дарын иесі

Шәкен Кенжетайұлы Айманов – дарынды актер әрі режиссер, ол жаны жайсаң, кез келген адаммен тіл табыса алатын біртуар тұлға еді.

Соңғы жиырма жылда екеуміз жақын дос болып кеттік, Бүкілодақтық семинарларға, КСРО кинемотографистер одағының пленумдарына, көптеген кинобайқауларға бірге баратынбыз. Әрқайсымыз өз фильмдерімізді түсіру үшін экспедицияға кеткен кезде бір-бірімізден ажырайтынбыз.

«Жамбыл» (1950-1952) фильмінің түсірілімі кезінде біз бір отбасы секілді 2 жыл бірге тұрдық, біздің әйелдеріміз Хадиша мен Олеся да жақсы араласып, дос болды. 1961 жылы менің ұлым Нартай туылды, оның есімін Шәкен Кенжетайұлы қойды. Мен режиссер ретінде жұмыс істедім, Ал Шәкен басты рөлді алмақ болды, басты рөлге түскісі келетін актерлер өте көп болды, кейібірімен тіпті түсірілімді бастап та көрдік, бірақ Жамбылдың рөлінде Шәкеннің ойнағанын қайта басынан бастап түсірдік. Қоюшысы Ефим Львович Шәкеннің актерлық ойынына тәнтті болды, өйткені сол кезде оның жасы небәрі 36-да болатын. Шәкен Кенжетайұлы Жамбылды жақсы білетін. Сонау 1936 жылдан бастап ақынның өмірін зерттеп жүретін. Бұл оның кинодағы алғашқы салмақты рөлі болды.

«Жамбыл» фильмінен кадр

Шәкен үшін үлкен қоғамдық жұмыс оның өмірінің ажырамас бөлігіндей болды. Ол өзін қай жерде де қымсынбай емін-еркін ұстайтын: шығармашылық адамдарымен, Қазақстан бойынша жасаған сапарларында кездескен адамдармен емен-жарқын араласатын. Ол қарапайым шопаннан академикке дейін әңгімелесе беретін.

Ақын – өзінше бір кәсіп. Ақын болу – ең алдымен халықпен тіл табыса білу. Шәкеннің бойындағы тіл табысқыштық қасиеті оған Жамбылдың рөлін тамаша ойнап шығуға мүмкіндік берді. Шәкен музыкаға да өте жақын адам, суырыпсалмалық өнері де болды, егер өмірі сәл өзгешелеу болса, ақын болуы да мүмкін еді.

Ол табиғатынан ерекше туған талантты, өмірге құштар жан. қандай істі қолға алса да, оған жан-тәнімен беріліп кірісетін, бар білімін, күш-қуатын жұмсайтын. Кез келген істі аса қызығушылықпен істейтін: фильмдер түсірді, өзі де фильмдерге түсті. жақсы әңгімелесетін, шығармашылық кеңестерін беретін, шахматты тамаша ойнайтын, құмар ойындарға да қызығатын.

Шакен Айманов

Көңілі көтеріліп, жаны рахаттанғанда оның жүзі бал-бұл жанып, әжімдері жазылып, ерекше сұлуланып кететін, қарап тұрып қызығатынбыз. Шәкен бізге «Өзі және шығармашылығы туралы» жазбаларын қалдырды. Өте шынайы жазылған. Онда дарын иесінің өмірінің әр кезеңі нақты жазыоған. Жазбаларында ол өзінің кинемотографистік қырын ғана жазды, өйткені басылымның сипаты солай болатын, ал театр туралы ештеңе жоқ. что объясняется характером издания. алайда 40-жылдары Шәкен Айманов Қазақстандық драма театрда қайталанбас тұлға болды.

Ол «Укрощении строптивой» қойылымында Петруччионың сахналық образын қойды. Осы рөлде ойнаған көптеген актерлерді білемін, бірақ олардың көпшілігі сахнада Аймановтың жасаған образына жақындай да алған жоқ. Содан кейін Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклінде Ақанның, «Человек с ружьем» қойылымында Шадринның, «Грозе».спектаклінде Тихонның рөлдерін тамаша ойнады.

«Атаманның ақыры» фильмінің түсірілімі

Шәкен Аймановтың сахналық образдары турады көп жазуға болады.Ал оның соңғы үш фильмі «Перекресток», «Земля отцов», «Атаманның ақыры» - нағыз кемелденген фильмдер.

КСРО Халық әртісі, қоға қайраткері қазақтың халық өнерінде ерекше орны бар тұлға, ол қазақ театры мен киносы үшін үлкен еңбек сіңірді.

 

Мәжит Бегалин

Мәскеу, 1973ж.

Шәкен Айманов. Фотоальбом – Алматы «Өнер», 2004г.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер