È

Жас кинематографистердің 10 үздік деректі фильмі

Жас кинематографистердің 10 үздік деректі фильмі

Заманауи әлем көрінісі секілді, кино саласыда қарқынды түрде даму үстінде. Бірнеше жылдар бұрынғы шынайлықты, бүгінде көрермен басқаша көзқараспен қабылдайды. Осы ретте шынайы өмірдің келбеті – деректі киноның бүгінгі көрінісі қандай? Ұсынылып отырған фильмдердің өндірістік кезеңі тәуелсіздіктің екінші онжылдығын қамтиды. Аталмыш фильмдер жаңа кезеңмен келген қоғамдық құндылықтармен мен мәселелерді, өмірлік кейіпкерлерді бізге таныстырады.

10. Нағыз мінез

2016, 40 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Мерует Ауелханова, оператор: Амир Зарубеков

Фильм қазақ деректі киноның негізін қалаушылардың бірі, режиссер Ораз Әбішевтің тағдыры мен шығармашылығына арналған. Өмір тарихы, елеулі оқиғалар жайлы Ораз Әбішетің туыстары, жақын адамдары, әріптестері еске алады.

 

9. Дауыс

2009, 15 мин

Режиссер: Ержан Алдажар, оператор: Тахир Алиев

Басты кейіпкердің дауысы Ұзынағаш орталық базары үшін үйреншікті дауыс. Өмірдегі қиындық пен өкінішке толы мұңлы дауыс. Бұл дауыстың тобе-құйқаны шымырлата осы аумақты кезіп жүргеніне ок екі жылдан асты. Оның жалғыз сенгені – дауыс.

 

8. Сахара тынысы

2007, 49 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Ербол Бораншы

Оператор: Ербол Бораншы

Фестивальдар мен жүлделері

РКФ «Дидар», Қазақстан, 2008, «үздік деректі фильм»

Табиғатпен етене өскен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс- тіршілігінің XXI-ғасырда сабақтасып жатқан бір жылдық көрінісі. Өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті, тіршілігі сипатталған.

 

7. Өмір жүйесі

2009, 15 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Мадина Бакеева

Оператор: Айдын Максат

Фестивальдар мен жүлделері

ХКФ «Шәкен жұлдыздары», Қазақстан, 2010, «Нұр Отан» партиясының арнайы жүлдесі.

Адамның жер бетіндегі ғұмыры көзді ашып – жұмғанша ғана. Ал кейбіреулердің өмірі мүлдем қысқа. Ал сол адамдардың бізден басқа үміт артар ешкімі жоқ. Қайырымдылық көмек жетіспей жатады.

 

6. Кекеш (Заика)

2015, 13 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Аян Бугибаев

Оператор: Аян Бугибаев

Фестивальдар мен жүлделері

РКФ «Байқоңыр», Қазақстан, 2016, қатысушы.

«Умут» - ТМД елдерінің кинофорумы, Кырғызстан, 2016, «Замандас образын аша білгені үшін» арнайы жүлде.

Фильмнің кейіпкерінің сөйлеуде кедергісі бар (кекеш). Алайда «рэп» стиліндегі өнері, музыкаға деген құлшынысы арқасында ойын емін-еркін білдіре алады.

 

5. Комендант Ильментау

2015, 14 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Санат Шакиева

Оператор: Сатенов Еркін

Фестивальдар мен жүлделері

XII - «Победили вместе» деректі фильмдер мен телебағдарламалардың ХКФ, 2015, Ресей, қатысушы.

РКФ «Байқоңыр», Қазақстан, 2016, «Үздік эксперименталды фильм»

Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген. Екі жыл соғысып, тоғыз жыл немістердің Ильменау қаласында тұрған Ұлы отан соғысының коменданты жайлы оқиға.

 

4. Ауыл тынысы

2016, 25 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Кымбат Тойшы

Оператор: Туртаев Айдос

Фестивальдар мен жүлделері

РКФ «Байқоңыр», Қазақстан, 2016, «Үздік деректі фильм»

«Умут» - ТМД елдерінің кинофорумы, Қырғызстан, 2016, қатысушы

Фильмнің басты кейіпкерлері гүл өсіру шаруашылығымен айналысатын Пернебаевтар отбасы. Қиындықтарға төзе отырып, өзге адамдардың қуанышына себепкері болатынына дән риза. Сондай-ақ, фильмде басты кейіпкерлердің ауылдастарының тұрмыс-тіршілігі, ауылдың көркем табиғаты бейнеленген.

 

3. Женя

2012, 21 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Жанана Рахимбердиева

Операторы: Недильданов Жандос

Фестивальдар мен жүлделері

ХКФ «Бастау», Қазақстан, 2013, қатысушы

ХКФ «Шәкен жұлдыздары», Қазақстан, 2013, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының арнайы жүлдесі

ХКФ Евразиялық кинофестиваль, Нью-Йорк, 2013, «Үздік студенттік деректі фильм»

ХКФ «KIN» Армения, 2013, диплом

Женя «қиын» жасөспірімдер арасында өсті, оларды дұрыс жолға салуға тырысты, алайда, достарының қатары түрлі себептермен сирей берді – біреулері есірткіден шетінеп жатса, енді біреулері маскүнемдікке салынды. Өзі де бір кезде сол жаман әдеттерге ұрынып қала жаздаған еді, алайда дерк езінде өзін қолға алып, тығырықтан шығуғы жігері жетті.

 

2. Менің жолым

2013, 23 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Арууана Серікбаева

Оператор: Мейірбек Беспаев

Фестивальдар мен жүлделері

ХКФ «Бастау», Қазақстан, 2013, қазылар алқасының арнайы жүлдесі.

Бұл фильм 22 жасқа енді ғана толған Әлішер атты жас жігіттің өмірі жайлы. Жас бола тұра ол қылмыстық әлемнің қыр-сырларымен жете таныс. Оның өмірі – көшедегі күнделікті кейкілжің, тонау, түрме мен қылмыстар. Алғашқы қателері мен өкініштері. Ол көрермендерді адам өмірінің салмағы жоқ қатыгез әлеммен таныстырады. Өзіңіз жан дүниесіндегі ауырлықты музыка арқылы шығарады. Оның дауысы таң қаларлық, бірақ істері адам шошырлық.

 

1. СҮЙІНШІ!

2015, 15 мин.

Режиссер: Мадина Беспаева

Фестивальдар мен жүлделері

ХКФ «Навсоз», 2016, Таджикистан, «Үздік режиссер жұмысы».

РКФ «Байқоңыр», 2016, Қазақстан, қатысушы.

VI- ХКФ «Бастау», 2016, Қазақстан, «Үздік деректі фильм».

Фильмнің тақырыбы адами құндылықтарды арқау етіп, «почтальон» кейіпкері арқылы бүгінгі қарым-қатынастың көрінісін берген. Режиссер басты кейіпкерді бақылау нәтижесімен, бүкіл аймақтың тұрмыс-тіршілігімен таныстырып өтеді. «Бүгінде адамдардар бір-біріне хат жазбай кетті» - дейді кейіпкер.

Ержан Жұмабеков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер