È

«Уайымдама, ол алысқа ұзай алмайды»: Алкоголь және дөңгелектер

«Уайымдама, ол алысқа ұзай алмайды»: Алкоголь және дөңгелектер

Режиссер: Гас Ван Сент («Ақылды Уилл Хантинг», «Көптеген ағаштар») мансабында он жылдан астам уақыт бойы ірі табыс бола қоймады. «Уайымдама, ол алысқа ұзай алмайды» фильмінің тұсаукесері бір ай бұрын «Сандэнсте» сәтті өткен еді, қазір режиссер бұл картинаны Берлиндегі фестивальде таныстырып жатыр. Ван Сент жалпылама трендтен алшақтамай, болған оқиға ізімен, яғни басты кейіпкердің өмірбаяны негізінде өнердің емдік қасиеті жайлы өткір драма түсіреді.

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, өмірбаян

Қазақстандағы тұсаукесер: тамыз 2018

Сюжеті: Джон Каллахан (Хоакин Феникс, «Туа бітті ақау», «Иррационалды адам») құштарлықпен өмір сүріп келеді, ол дөрекі әзілдерге жақын әрі алкогольді мәселелері бар. 21 жасында автокөлік апатынан кейін қозғала алмай, мүгедектер арбасына таңылады. Бірақ, Джонның өмірдегі басты мақсаты – ішуді қою. Өзі аса қалмаса да, Каллахан алкогольге қарсы емделе бастайды, оған қызы Анну (Руни Мара, «Денесіне айдаһар бейнесін салған қыз», «Арыстан») және ерекше дарынды демеушісі Донни (Джона Хилл, «Қарулы жігіттер», «Уолл-стриттен шыққан қасқыр») көмектеседі. Джон емделу барысында өзінің өткір ойлы суретшілік қырын байқайды, содан кейін кекесінді суреттер сала бастайды, бұл дарыны оған халықаралық табыс әкеліп, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйлайды.

Кино айналасы: Қазір мүмкіндігі шектеулі жандар жайлы көркем фильмдер қоғам арасында қызу талқыланып жатыр. Дені сау актерлардың олардың шынайы сезімін экран арқылы толық бере алмайтынына қатысты пікірлер де бар. Жалпы, фильмнің үштен бір бөлігінде Каллаханның сау кезі баяндалады. Режиссер Ван Сент басты кейіпкердің басындағы қайғысына алкогольдің кері әсері бар екенін көрсеткісі келген. Сондықтан, «Уайымдама, ол алысқа ұзай алмайды» фильмінің басты артықшылығы – аяқ астынан мүгедек болып қалған адамның шынайы өмірге бейімделуін көрсететін драма, кейіпкер өзінің хәлін қабылдап, қайғы жұтпай, өмірге өкпелемей, өзін-өзі тануға тырысып, барынша ашылуға тырысады.

Көру мүмкіндігі: 10-нан 9-ы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер