È

«Лабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі»: Кері шығу

«Лабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі»: Кері шығу

Режиссер: «Лабиринтпен жүгіруші» фильмінің алдыңғы екі бөлімінің табысының арқасында Уэс Болл Голливуд діңгегінен нағыз джокерді шығарып алды. Бұл қиялға қарсы бағытталған жастар франшизасы оның фирмалық белгісі мен төлқұжатына айналып үлгерген. Уэске құрмет пен атақ беру керек, себебі қазіргі таңда шартты жанрдың аясында осындай жылдам әрі әсерлі киноны көпшілігі түсіре бермейді. Қалғандары – көрермен қызығушылығының құрғақ сандары – бірінші бөлімнен $102 миллион, ал екіншісінен - $82 миллион табыс тапқан.

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: қиял-ғажайып, атыс-шабыс, триллер

Қазақстандағы тұсаукесері: 25 қаңтар 2018 жыл

Сюжет: «Лабиринтпен жүгіруші» эпикалық дастанының соңында Томас (Дилан О’Брайен, «Жалданушы», «Терең судың жиегі») ең қауіпті әрі соңғы міндетті атқару үшін глейдерлер тобын басқарады. Олар достарын құтқару үшін әйгілі Соңғы Қалаға сапар шегіп, ПОРОК басқаратын лабиринтке барулары тиіс. Бұл лабиринт барлығының өміріне аса қауіпті, бірақ одан тірі шыққандар лабиринтте болған глейдерлердің бар сұрақтарына жауап табады.

Кино айналасында: Әрине, әр лабиринттің соңы болатыны және лабиринттен шығар жолдың болатыны анық. «Аштық ойындары» табысынан соң әрбір студия жастар антиутопиясын түсіруге жарыса кірісіп кетті, бірақ көпшілігі нағыз көруге тұрарлық туындыны жасай алмады. 20th Century Fox» студиясы «Лабиринтпен жүгіруші» трилогиясын ұсына отырып, күрескер жастар туралы кино түсірді. Жаңа трейлерден және «Өлімнен қорғайтын дәрі» соңғы бөлімінен Уэс Боллдың алдыңғы екі бөлімнің кемшіліктерін ескеріп, сәтсіз шыққан «Дивергенттің» жолын қайталамауға тырысқаны көрініп тұр. Болл соңғы бөлімнің негізгі тақырыбын құтқаруға қатысты орайластырып, Томастың алдына екі таңдау қояды: өзінің достарын немесе барлығын құтқару керек. Негізі, өте өзекті ойдың бірі, себебі «Өлімнен қорғайтын дәрі» түсірілімі 2016 жылдың мамырында автокөлік апатына түскен Дилан О’Брайен үшін тоқтатылған еді. Бірақ ауырып шыққан Дилан-Томас трейлерде түк болмағандай шауып жүр, сондықтан картинаның соңғы нұсқасының үлкен экранға шығуын күтейік.

Көруге тұрарлық: 10-нан 8-і

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер