Соғыс қызы Айла

-
Жыл
2017
-
Елі
Түркия
-
Актер
-
Жанр
-
Тұсаукесер (KZ)
09 Мамыр 2018
- Фильм жайлы
-
ХХ ғасырдың 50-жылдары. Кореядағы соғыс азиаттық мемлекеттер тарихында ғана емес, жүректерінде сызат қалдырған сол сұм оқиғалардың еріксіз куәсі болған адамдардың драмалық кезеңіне айналды. Фильмнің басты кейіпкері аға сержант Сүлейман Түркия билігінің шешімімен отандастарымен бірге Кореяға жіберіледі. Тәжірибелі батыр Сүлейман елінің жабайы жоспарына қатысқысы келмеді, бірақ бұйрықты елемеу мүмкін емес еді, сондықтан ол корей халқының қауіпті дұшпанына айналды.
Бір күні, кезекті операциядан кейін Сүлейман кішкентай корей қызын тауып алады да, оның тағдыр тәлкегіне тастап кете алмай, өзімен бірге алып кетеді. 5 жасар қыз жетім қалды, баратын жері жоқ, сондықтан Сүлейменге соңғы үміті ретінде қарайды. Аға сержант жетім қызға Айлу деген есім береді, оған қамқор болып, өз қызындай қарайды. Кейін кішкентай Айлу Сүлейманға бауыр басып кетеді, оны жалғыз туғаны ретінде көреді, онсыз өмірін елестете алмайды. Екі адам бір жылдан аса бірге тұрады, кейін, 15 айдан соң бұйрық бойынша сарбаздар Түркияға оралуы тиіс болады.
Сүлейман Айлуды Кореяға қалдырғысы келмей, Айлу сияқты балаларға назар аударғысы келмеген биліктен рұқсат сұрайды. Өкінішке қарай, Корея заңдарына бағыну қажет, аға сержант қызды балалар үйіне беруге мәжбүр болады, ол жақта мұндай жетімдер көп еді. Екеуі үшін бұл айырылысу үлкен трагедияға айналады, сондықтан бір-біріне кейін міндетті түрде кездесуге уәде береді. Фильм кейіпкері үйге оралысымен, артынан жылап қалған Айлудың қорғансыз күйін ұмыта алмайды. Екі жақта қалып қойған жандар кездесе ме, жоқ па – ол жағы белгісіз, маңыздысы, бұл екеуі соғыс жайлы қалыптасқан түсінікті бұзып, мүмкін емес нәрсені жасай алды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін