È

Режиссер Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» фильмінің тұсаукесері 1-маусымда болмақ

Режиссер Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» фильмінің тұсаукесері 1-маусымда болмақ. Әлемдік кино

Фильм 17-28 мамыр аралығында өтетін 70-Канн кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасының аясында алғаш рет әлемге таныстырылмақ.

«Махаббат емес» («Нелюбовь») картинасы Мәскеудегі заманауи орыс отбасы туралы баяндайды. Ата-аналар бір-бірін жақсы көрмейді. Бала кездейсоқ пайда болып қалады. Бірге тұрған сәтсіз жылдардан соң ерлі-зайыптылар ажырасуға бел буады. Барлығы ауыр әрі қиын өтеді.

Женя мен Борис баяғыдан-ақ жеке-жеке жаңа өмірлерін бастаған. Бірақ, олар ресми түрде ажырасу керек. Өздерінің жеке өмірінің жұмыстарымен және мәселелерімен жүріп, жалғыз ұлдары Алеші ұмытып кеткен. Осы жағдайдың барлығын көрген бала өзін қажетсіз санап, жоғалып кетеді.

«Махаббат емес» фильмі - режиссер Андрей Звягинцевтің бесінші картинасы. Оның барлық фильмі шетелдік қоғамдық кино назарынан тыс қалған емес. Мысалы, «Оралу» («Возвращение») (алғашқы туындысы) фильмі Венеция кинофестивалінде үздік фильм мен дебют ретінде сыйлыққа ие болған. «Қуғын» («Изгнание») екінші картинасы Каннда «Үздік ер азамат рөлі» үшін «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін иеленген. Үшінші «Елена» фильмі Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасының арнайы жүлдесімен марапатталған.

Одан кейінгі «Левиафан» фильмі 67-Канн кинофестивалінде «Үздік сценарий» үшін жүлде алса, «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Алтын глоус» иеленген және «Оскар» жүлдесінің сыйлығын алған.

«Махаббат емес» фильмінің тұсаукесері 1-маусымда болады.

Фильм айналымының ҚР аумағындағы ресми өкілі - «Меломан» компаниясы.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер