Ең алғаш «Мумия» кинокартинасын 1932 жылы Universal студиясы түсірді. Содан бері бірнеше ремейктертері мен басқа нұсқалары түсірілді, солардың бірі 1999 жылы түсірілген шытырман кинолентасы болатын. Енді міне, компания хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. Жаңа «Мумияға» Рассел Кроу шақырылып отыр. Әзірге актердің қандай кейіпкерді ойнайтынын нақты белгісіз. Белгілісі ол Том Круздың кейіпкеріне антагонистикалық жұп болады. Голлувудтың екі бірдей жұлдызы бір киноға жайдан жай шақырылып отырған жоқ. Бұл дегеніміз басқа фильмдермен арасындағы байланысты білдірсе керек. Фильмнің түсірілімі басталып та кетті, түсірілетін орын – Лондон. Фильмге Алекс Куртцман жетекшілік етеді. Фильмнің тұсаукесері 2017 жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Бір жылдан кейін тағы бір шедевр ремейк шығады. Естуімізше, Джонни Депптің қатысуымен «Человек невидимка» фильмі түсіріледі.