Бейнеойындар шығарумен айналысатын жапониялық Nintendo Co компаниясының президенті Тацуми Кимисиму бейнеойындар кейіпкерлерімен кинобизнесті дамыту туралы жоспарымен бөлісті. Алдағы 2-3 жылда студия Марио мен Линка есімді бейнеойындардың кейіпкерлерінің қатысуымен анимациялық фильм түсірмек. Бүгінде құқық иесі үзақ уақыт келісімщарт бойынша серіктес болатын киноөндіруші компания іздестіруде. Кейіпкерлер франшизмін сатып қана қоймай, Nintendo серңктестік жағдайында жұмыс істеп, студияға фильм түсіру мен оны таратуға көмектеспек. Осы мақсатта Nintendо соңғы 24 жыл бойы бақылауында ұстаған өздерінің Mariners бейсбол клубындағы үлестерінің 90 пайызын сатпақ.