È

17 тамыз күні «Төбет» мультфильмінің тұсаукесері болады

17 тамыз күні «Төбет» мультфильмінің тұсаукесері болады

Sony студиясының «Эмоджи фильм» анимациялық картинасының тұсаукесері қарсаңында Ресей өндірісінің «Төбет» атты қысқаметражды анимациялық кинотаспасының да тұсауы кесілмек. Таспадағы оқиға «Демалыстағы құбыжықтар» франшизасының аясында өрбиді.

Кинотаспаның режиссері - Геннадий Тартаковский, ол барлық негізгі мультфильмдерді өңдеген.

Бұл жолы Дракула отбасының басты кейіпкерлері сүйікті ұлдары әрі немересі Денистің үй жануарын асырап алуға қатысты қалауын орындауға тырысады. Ең бірінші болып атасы немересіне өте үлкен күшікті алып келеді.

Дракуланың қызы Мэвиссі Полина Гагарина дыбыстайды, ол жақында ғана БАҚ-қа берген сұхбатында сүйікті кейіпкерін қайтадан дыбыстайтынына қуанышты екендігін жеткізген. Дракула отбасының оқиғалары күннен-күнге қызықтырақ әрі күлкілі болып барады.

Ал «Демалыстағы құбыжықтар 3» франшизасының толықметражды жалғасы кең айналымға келесі жылдың шілдесінде шықпақ.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы «Меломан-Кинопрокат» компаниясы болып табылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер