È

20th Century Fox «Чужой: Завет» фильмінің қызықты промо роликтерін жариялады

20th Century Fox «Чужой: Завет» фильмінің қызықты промо роликтерін жариялады. Әлемдік кино

Экшн камераға түсірілген роликтер көрермендерді фильм әлеміне тереңірек сүңгіп, оның толыққанды бөлігіне айналуға көмектеседі. «Чужой: Завет» тек көркем фильм ғана болып қоймай, жалған деректі хоррорға айналады. Осындай бағытта Ридли Скотт жобасының маркетингтік кампаниясы жалғасып жатыр. Студия Fox өткен жолы андроид Уолтерге арналған промо бейнежазбасын және Ридли Скоттың ұлы түсірген бес минуттық кіріспесін жариялаған еді.

Жақында ғана жарияланған роликтер Кэтрин Уотерстон сомдайтын Дэниэлстің әкесіне арнап бейнежазба түсіргенін баяндайды.

Ал басқа бейнежазбасында «Завет» кемесі капитанының үлкен көмекшісі Кристофер Орам көрсетілген. Оның рөлін Билли Крудап сомдайды. Оның кейіпкері қағаздағы мәтінді оқиды. Екі роликте де негізгі көріністер ғаламшарды зерттеу және шабуылдау туралы экшн көріністермен араласып кетеді.

«Чужой: Завет» фильмінің тұсаукесері 18 мамырда болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист