«Даунтон аббаттығы»: толықметражды фильм түсірілімі жайлы ресми түрде хабарланды
Көптен күткен «Даунтон аббаттығы» толықметражды фильмінің қыркүйекте басталатын түсірілімі жайлы ресми түрде хабарланды. Хикаяның негізгі актерлік құрамы - Мишель Докери, Мэгги Смит және Хью Бонневилль – үлкен экранда кадрда төбе көрсетеді. Түсірілімімен Carnival Films студиясы айналысады. Джулиан Феллоуз («Құрысқан үйшік», «Ромео мен Джульетта») сценарий жазады, ал фильм режиссері болып Брайан Персивал («Кітаптарды ұрлаушы») тағайындалды. Алдыңғы жолдары Феллоуз бен Персивал осы танымал хикаяның алты маусымымен айналысқан еді.
Продюсер Гарет Ним бұл оқиғаға мынадай пікір білдірді: «Телехикая өз мәресіне жеткенде, миллиондаған жанкүйерлерімізге арнап толықметражды фильм түсіру арманымыз болды. Енді жұлдыздарымыздың қолдауына ие болдық, жақында өндірісті бастаймыз. «Даунтон аббаттығы» үлкен экранға жеткенде, Джулианның тамаша сценарийі мен қызықты әрі әсерлі оқиғасы, Брайан Персивалдың жетекшілігіндегі жұмыс біз ойлағандай керемет туындыға айналады деп сенеміз».
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін