Агата Кристи және екі актриса
Бірден екі киностудия Агата Кристи турады фильм түсірмек. Sony Pictures студиясы атақты жазушының рөлін екінші пландағы әйел рөлі үшін «Оскар» жүлдесін алған Алисия Викандерге («Девушка из Дании») ұсынды. Биографиялық картинада Агата Кристи әйел құқығы үшін күрескен феминистка ретінде суреттелген.

Paramount Pictures Агата Кристи және оның 1929 жылы он бір күнге жоғалып кеткендігі туралы байопик түсірмек. Басты рөл Эмма Стоунға сеніп тапсырылды. Ол «Новый Человек-паук» фильмінде Өрмекші адамның қызының рөлін ойнаған. Ал Кристидің өз шығармаларының экрандаулына келсек,бұған дейін Анджелина Джоли «Убийство в «Восточном экспрессе» кітабының экранизациясында рөл алғаны туралы жарияланған болатын. Британия телевидениесінде «Десять негритят» кітабының желісі бойынша түсірілген «И никого не стало» сериалы көрсетілген болатын.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін