È

«Агент Джонни Инглиш 3.0»: комедияның жаңа бөліміне арналған алғашқы дубляждалған трейлер

«Агент Джонни Инглиш 3.0»: комедияның жаңа бөліміне арналған алғашқы дубляждалған трейлер

Кездейсоқ супертыңшыға айналған Джонни Инглиш «Агент Джонни Инглиш 3.0» фильмінің үшінші бөліміне қайта келмек. Роуэн Эткинсон («Мистер Бин», «Тышқандар жарысы») күтілетін комедияның үшінші бөлімінде тағы да жолы болмаған құпия агенттің рөлін сомдайды. «Әлемдегі ең ұлы тыңшы» алғашқы трейлерінде болашақ агенттерге арнап сабақ өтуі көрсетіледі: ол тинейджерлерге ұжымдық біркелкі формада мартини құйылған бокалды қалай дұрыс ұстау керектігін үйретеді.

Құпия қызметтің ерекшелігі де осында, Инглиш MI7 барлаушыдан хат алған кезде, қайтадан өзін қалыпқа келтіруі керек. Бұл жолғы Эткинсонның кейіпкеріне берілген тапсырма барлық қауіпсіздік қызметіне қатысты: жасырын топтың көшбасшысына құпия агенттің барлық әрекетін ашуға көмектескен хакерлерді анықтау қажет. Францияға аттанған Инглишті оның жолын жапқан француз велосипедшілері де қорқыта алмайды. Ол жолды өзінің спорттық көлігінде орналасқан дәлдікпен ұшатын зымырандардың көмегімен тазартады.

Джонни Инглиш Лондонда және арнайы тапсырманы орындау барысында жоғары технологиялық құрылғылардың көмегінсіз тыңшылық тапсырманы толықтай орындай алмас еді. Роуэн Эткинсонға қосылған Ольга Куриленко өзінің алдыңғы «Қайырымдылық квантындағы» рөлі «Бондтың ғашығын» қайталайтын секілді көрінеді.

«Агент Джонни Инглиш 3.0» комедиясы айналымға 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист