Lionsgate «Зорлық-зомбылық актілері» атыс-шабыс фильмінің алғашқы трейлерін жарыққа шығарды. Негізі, бұл B санатындағы ұмытылып кететін фильмдердің қатарында сияқты көрінеді. Бірақ, әйгілі Брюс Уиллис қайтадан басты рөлді сомдайды. Бұл таспада Уиллис адам саудасына қатысты деректерді зерттеп, бюрократиямен күресіп жүретін полицейді ойнайды.