È

Американдық сыншылар «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмі туралы жақсы пікірлер айтты

Американдық сыншылар «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмі туралы жақсы пікірлер айтты. Әлемдік кино

Warner және Sony спойлерлерден сақтану үшін Дени Вильневтің «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмін күзгі кинофестивальдерде көрсетпеген еді. Американдық журналистер жабық түрде өтетін алдын ала көрсетілімде фильм жарыққа шыққанға дейін пікірнамалар жазбауға қатысты қағазға қол қойған болатын. Бірақ, журналистер шыдамдылық танытпай, әлеуметтік желілерге пікір қалдырып үлгерген.

Үздік британ кино сыншыларының бірі Питер Брэдшоу өзінің Twitter парақшасында фильмнен керемет әсер алғандығын мойындады.

 

 

Coming Soon-ның сыншысы Дженна Буш өмірінде мұндай әсерлі әрі қызықты туындыны бұрын-соңды көрмегенін айтты.

 

 

Vanity Fair, NY Daily News және The Guardian басылымдарына жазып тұратын журналист Джордан Хоффман «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің түпнұсқаны тамаша толықтырғанын жеткізді. Оған барлығы ұнаған.

 

 

Көптеген сыншылар Дени Вильневтің фильм эстетикасын керемет сақтағанын білдірді. Құдды бір өткенге оралып, картинаны сол жақта түсіргендей әсер қалдырған.

Фильм үш сағатқа жуық созылады, бірақ оған ешкім шағым айтқан жоқ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер