«Арканзас»: Кларк Дьюктің режиссерлік дебютіндегі басты рөлдерді Лиам Хемсворт пен Винс Вон сомдайды
Актер әрі продюсер Кларк Дьюктің («Кеңсе» және «Университет» хикаялары) «Арканзас» атты толықметражды режиссерлік дебютіндегі басты рөлдерді Лиам Хемсворт («Тәуелсіздік күні: Жаңғыру», «Аштық ойындары») және Винс Вон («99 блогындағы төбелес», «Ұят түсінігі бойынша») сомдайды. Сонымен қатар, «Арканзас» сценарийін Дьюктің өзі жазды, ол тіпті басты рөлдердің бірін де сомдамақ.
«Арканзас» екі есірткі тасымалдаушы жайлы баяндайды, олар АҚШ-тың оңтүстік штаттарын бақылайтын «Dixie Mafia» атымен жақсы танылған мафияның бастықтарына жұмыс істей бастағанда, өмірлерінің астан-кестеңі шығады. Қылмыстық ұйымның ептілері де ұрланған заттарды тасумен, ішімдікті заңсыз айналдырумен, адам және қару саудасымен, бопсалаумен, тонаумен, алаяқтықпен және ақшаның ізін жасырумен айналысады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін