Battlerstar Galactica немесе «Звездный крейсер «Галактика» жетпісінші жылдардағы сериал, мұнда адамдар мен робот-сайлондар арасындағы соғыс суреттелген. Алайда адамдар жеңіліс тауып, қашып бас сауғалайды. Сериал Time журналының нұсқасы бойынша кино тарихындағы үздік сериалдар қатарына енген.Сценарий жұмыстары Джонатан Ноланның әйелі Лиза Джойға тапсырылды. ол «Западый мир» фильмі арқылы танымал. Қоюшысы Френсис Лоуренс. Ол Дженнифер Лоуренстің туысы емес, бірақ «Голодные игры» фильмінің 4 бөлімін де оның қатысуымен түсірді. Сондай-ақ Лоуренстің белгілі фильмдерінің қатарында «Я - легенда» және «Константин: Повелитель тьмы» секілді фильмдері бар. Френсис Лоуренстің қатсуы әзірге белгісіз болып тұр, өйткені ол ең алдымен тағы да сол Дженнифер Лоуренстің қатысуымен түсіріліп жатқан «Красный воробей» фильмінің түсірілімін аяқтауы тиіс.