È

Берлинале 2018: «Тропикалық вирус» комиксінің ақ-қара экрандауы

Берлинале 2018: «Тропикалық вирус» комиксінің ақ-қара экрандауы

Сантьяго Кайседоның «Тропикалық вирус» ақ-қара анимациясы жасөспірімдерге арналған фильмдер қатысатын Generation14plus көрсетілімі аясында ұсынылды. Таспа Паола Гавирияның аттас автобиографиялық графикалық романына негізделген, ол Power Paola лақап атымен жақсы таныс. Үш апалы-сіңілінің ең кішісі Паоланың есею оқиғасын әңгімелейтін бұл комикс Латын Америкасы мен Еуропадан өз оқырмандарын тапты.

«Тропикалық вирустың» оқиғасы Эквадор мен Колумбияда өрбиді. Ол көп саяхат жасайтын, табанды әйелдер туралы әңгімелейді. Бұл Оңтүстік Америкадағы орта таптың өмірі туралы жаңа көзқарас, ол жалпы алғанда көрерменге шағым түсірмейді, тек отбасылық деңгейдегі қарым-қатынас туралы әңгімелейді.

Жасөспірім Паоланың өмірі туралы драма өте аз, дегенмен, оның ашық әңгімелері көрерменнің назарын үнемі өзіне аудартады. Жалпы айтқанда, Паоланың отбасында біртүрлі әрекеттер бар. Оның сүйікті анасы экстрасенстік қасиеті ие, ол доминоның көмегімен мемлекет президентіне болашақты болжап береді. Паолоның әкесі Уриель - рухани қадір-қасиетінен айырылған католиктік діни қызметкер.

Паоланың өзі 1976 жылы Эквадордың Кито қаласында ғажайып жағдайда пайда болғанын айтады. Оның анасы осыдан кейін бала көтере алмайды дегенге қарамастан, үшінші рет жүкті болды. Сондықтан, дәрігерлер бұл ғажайыпқа сенбей, баланы «тропикалық вирус» деген желеумен бұрыс диагностика жасаған. Бұл тек бастамасы, көрерменге әрбір көріністе тамаша сиқырлы шындықтың үлкен бөлігі уәде етілген. Таспаның әр қадамында таңқаларлық қызықты табуға болады, олар Паоланы күн сайын айналшықтап жүреді, сондықтан Кайседоның «Тропикалық вирусы» - бұл, ең алдымен, қарапайым қыздың Барби қуыршақпен ойнағанынан бастап, ересектердің шектеулеріне қарсыласуына дейінгі өмір жолы.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер