Берлинале 2018: «Дәлізде» драмасы жалға беруші компаниялардың үлкен қызығушылығын тудыруда
Music Box Films америкалық компаниясы Томас Стубердің фестивальдің негізгі байқауына қатысатын «Дәлізде» («Жасөспірім қорқынышы») драмасының барлық көрсетілім құқықтарын сатып алды. Фильм көрсетілімі осы аптаның жұмасында өтеді. Стубер осы таспада бірнеше еуропалық кино жұлдыздарын жинады: Франц Роговский («Бақытты соңы», «Виктория»), Еуропалық кино академиясының жүлдегері Сандра Хюллер («Тони Эрдманн») және Петер Курт («Жұмақ», «Сау бол, Ленин!»).
Фильмнің сюжеті жоғары айлық төленетін жұмысынан айырылған қарапайым, ұялшақ және ешкіммен араласпай өмір сүретін Кристиан (Франц Роговский) жайлы. Роговскийдің кейіпкеріне төмен бағалар супермаркетінде жүк көлігінің жүргізушісі болып еңбек етуіне тура келеді. Сусындар бөліміндегі Бруно (Петер Курт) Кристианды өзінің қанатының астына алып, қамқорлық танытып, сенімді досына айналады. Кристиан супермаркет дәлізінде «балмұздақ» Марионды (Сандра Хюллер) кездестіреді және сол жерде оның жүрегі жараланады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін