È

Берлинале 2018: Хейли Беннетт пен Маттиас Швайгхёферге «Қарсыласу» фильмінен рөл бұйырды

Берлинале 2018: Хейли Беннетт пен Маттиас Швайгхёферге «Қарсыласу» фильмінен рөл бұйырды

Хейли Беннетт («Пойыздағы қыз», «Хардкор») және Германия жұлдызы Маттиас Швайгхёфер («Төртеуі банкке қарсы», «Валькирия» операциясы») «Қарсыласу» өмірбаяндық фильмінде басты рөл ойнауға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Хонатан Якубович («Тас жұдырықтар») болмақ. Басты сюжеті пантомиманың әйгілі француз әртісі Марсель Марсоның өмірі жайында болады. Джесси Айзенберг («Ақсүйектер өмірі», «Ультраамерикандықтар») рөлге бекітілді. «Қарсыласудың» түсірілімі биылғы күзде басталады.

«Қарсыласу» Германияда түсіріледі. Таспа Марсо жайлы және оның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі француздық Қарсыласудағы рөлі жайында баяндайды. Швайгхёфер герман фашисті Клаус Барбидің рөлін сомдайды, оны Гитлердің өзі Қарсыласуды басу үшін жіберген болатын және «лион қасапшысы» деген атпен танымал еді. Беннетт фашистерге қарсы белсене күресіп жүрген Эмманың рөлін ойнайды. Дәл осы Эмма Марсоны Франциядан Швейцарияға заңсыз жіберілген мыңдаған балаларды қорғауға көндірген болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі үшін Марсоға офицерлік атағы берілді, ол Франциядағы «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды. Марсо Майкл Джексонмен дос еді, Джексон оны әйгілі «ай жүрістің» авторы дейтін. «Хейли нағыз актриса, ол сондай шынайы, сценарийде жақсы шыққан өзінің кейіпкері Эмманың мінезін бірден түсінді. Мен Хейлидің әдемі әрі жарқын жан-дүниесінің француздық Қарсыласудың батырлығын бейнелей алатынын күтпеген едім», - деді Хонатан Якубович.

Ол Швайгхёфер рөлі туралы мынаны қоса кетті: «Өркөкірек фашистер үнемі бірқалыпты жындылар сияқты. Бірақ, Клаус Барби күрделі әрі бірізді. Ол әрбір әрекетінен ләззат алып, оның дұрыстығына сенімді болып жүреді. Барбидің қатыгездігі Маттиастың мықты дарынымен араласып кеткен, ол көрермендерді таң қалдырып, Барбиді жағымсыз жағынан көрсете біледі. Шынайы зұлымдықтың адами бейнесі бар екенін түсінуден асқан маңызды дүние жоқ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер