È

Берлинале 2018: Урсула Майердің жаңа қылмыстық драмасы - «Жарылғыш толқын – санамның күнделігі»

Берлинале 2018:  Урсула Майердің  жаңа қылмыстық драмасы - «Жарылғыш толқын – санамның күнделігі»

Швейцариядағы орта мектептің жоғары сынып оқушысы өзінің мұғаліміне бірнеше беттік хат жазады. Ол жазбасында өзінің ата-анасын өлтіргісі келетінін мойындайды. Осылайша, «Жарылғыш толқын – санамның күнделігі» басталады. Бұл швейцариялық телеарнаның тапсырысымен түсірілген төрт фильмнің біреуі. Оқиға сюжетінің негізінде Швейцарияның батыс бөлігіндегі француз тілінде сөйлейтін адамдар жасаған қылмыстық істер жатыр.

Урсула Майердің («Әпке», 2012 жылғы Берлиналенің Күміс Аюы) түсірген фильмі өте маңызды бөліктерден тұрады. Бұл басты рөлдегі Фанни Арданның («Теміржол романы», «8 әйел») 2000 жылдардың басынан бергі ең сәтті және ең қызықты рөлі болып саналады. Урсула Майер тағы да өз фильміне Белгиядан 2008 жылы Канн бағдарламасында іріктелген «Үй» картинасының кейіпкері Изабель Юппердің баласының рөліне кастинг жариялаған кезде тапқан ерекше талантты жас актер Кейси Моттет Кляйнді түсіреді.

Одан бөлек, Кляйнның фильмографиясында халықаралық деңгейдегі жобалардан тағы бірнеше басты рөлдер бар, соның бірі бірнеше жыл бұрын алғаш рет Берлин фестивалінде көрсетілген «Он жеті жасыңда» картинасы. Майердің «Жарылғыш толқын - санамның күнделігі» жаңа жобасында Моттен Кляйн өз үйінде суық қару ұстаған, абыржыған 19 жастағы жас жігіт Бенджамин Феллердің рөлін сомдайды. Ол өзі сыйламайтын, мінезі жасық әкесін өлтіру туралы ойлануын қоймайды.

Кляйнның кейіпкері өзінің анасын да өлтіруге мәжбүр екенін түсінеді, себебі оған өзінің анасы бір уақытта жесір әрі қылмыскердің анасы болады деген ой маза бермейді. Жас жігіт бұл күйзеліспен ұзақ уақыт арпалысатын еді, бірақ әдебиет мұғалімі Эстер Фонтанель (Фанни Ардан) өз оқушыларынан өмірдегі таңдау мәселесіне қатысты ойларымен бөлісуге болатын қысқаша әңгіме жазуларын сұрайды. Бұл үй тапсырмасында Феллер өзінің кісі өлтіруге әкелуі мүмкін қараңғы ойларын жазады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер