È

Берлин кинофестивалі мультфильммен ашылмақ

Берлин кинофестивалі мультфильммен ашылмақ

Мәртебелі халықаралық кинофестивальдердің бірі – Берлин фестивалі – тарихта алғаш рет толықметражды анимациялық жобамен ашылмақ. Әңгіме режиссер Уэс Андерсонның «Төбеттер аралы» мультфильмі туралы болып отыр. Картинада 12 жасар жасөспірім итін іздеу үшін Жапонияға саяхатқа аттанады.

Жобаның дыбысталуына Эдвард Нортон, Лив Шрайбер, Билл Мюррей, Тильда Суинтон, Скарлетт Йоханссон, Йоко Оно және т.б. жұлдыздар атсалысты.

Уэс Андерсонның картиналары Берлин кинофестиваліне бірнеше мәрте қатысқан болатын. Ол 2002 жылы «Тененбаум жанұясы» таспасын, 2005 жылы «Сулы өмір», 2014 жылы «Гранд Будапешт» қонақүйі» фильмдерін ұсынған. Соңғы таспа фестивальдің ашылуында болып, «Күміс аю» жүлдесін иеленген.

«Берлинале-2018» ашылуы 15 ақпанға жоспарланып отыр. Фестиваль 25 ақпанға дейін созылады. «Төбеттер аралының» халықаралық айналымға шығуы 2018 жылдың сәуіріне жоспарлануда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер