«Богемдік рапсодия»: Декстер Флетчер Брайан Сингердің орнына режиссер болмақ
Декстер Флетчер «Богемдік рапсодия» түсірілімінде Брайан Сингердің орнына режиссер болады. Бұл туралы 20th Century Fox сәрсенбі күні хабарлады. Флетчер «Эдди «Қыран» және «Жабайы Билл» таспаларын түсірген.
Фредди Меркьюридың өмірбаяндық фильмінің өндірісі келесі аптада Ұлыбританияда қайта басталады.
Флетчер алғашында әйгілі рокердің рөлін сомдайтын Бен Уишоумен бірге («Патшаға арналған голограмма», «Теңіз жүрегінде») фильм түсіруді жоспарлаған еді. Алайда, режиссер шығармашылық мәселелерге байланысты жобаны 2014 жылдың наурызында тастап кетеді, ақыры Сингер басты рөлге Рами Малекті түсіре бастады.
Аяқталуға жақын қалған жобадан Брайан Сингердің кету себебі режиссер мен студия арасындағы келіспеушіліктер болатын. Яғни, олар үзілістер, түсірілімдегі күту және Малек арасындағы кикілжің секілді жағдайларға байланысты еді. Сингер осының барлығын түсірілім барысында пайда болған денсаулық мәселесіне сілтеп, жоққа шығарды, тіпті бұл іске адвокат жалдаған.
«Мен осы жобаны тезірек аяқтағым келеді, Фредди Меркьюри мен Queen мұрасына қатысты жағымды естеліктерді сақтауға көмектессем деймін. Бірақ, Fox түсірілім барысында пайда болған денсаулықтағы кінәратымды емдеуіме мүмкіндік бермеді»,-дейді Сингер.
«Богемдік рапсодияның» шығу күні бұрынғыдай 2018 жылдың соңында болмақ.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін