Голливудтағы сценарист әйелдердің 60%-дан астамы сексуалды алымсақтыққа тап болған
Голливудтағы сценарист әйелдердің үштен екісі өз жұмыс орындарында сексуалды алымсақтыққа тап болған. Мұны WGA West агенттігінің жаңа сауалнамасы растап отыр. Яғни, сауалнамаға сәйкес, киноөндірістегі әйелдердің экранды хикаяларының 64% шеберлері мансаптарында осындай жағдайға душар болған. Deadline басылымы тағы басқа қызықты мәліметті жариялады: сценарист ерлердің 11% да жұмыста сексуалды алымсақтықты бастарынан өткерген.
WGA West сауалнамасы бойынша, жағымсыз жағдай қос жынысты сценаристердің болашақ фильмдер жайлы талқыланатын жеке қызметтік кабинеттерінде болған. Сұрастырылғандардың ішіндегі 2 000-нан астамы - Голливудтағы белсенді қайраткерлердің бесінші бөлігін құрайтын сценарий ісінің кәсіби мамандары. Ресми мәлімдемеде сауалнаманың қорытындысы жарияланды: «Біз айналамызда болып жатқан оқиғаның қаншалықты маңызды екенін және жедел түрде шешімді қажет ететінін түсіндік».
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін