Cameraperson: бірінші жақтан баяндау
Кристен Джонсон - деректі картиналар операторы. Оның жаңа автобиографиялық фильмі «Cameraperson». Деректі картинада ол жиырма бес жыл бойы түсірген өзінің басқа деректі фильмдерінен кадрлар көрсетеді. Әдеттегідей оператор кадр сыртында қалады. Көрермен оның тек дауысын естиді, әлемді камера арқылы көреді.
«Cameraperson» картинасы бірнеше фестивальдарға да қатысып үлгерді, сыншылар фильм туралы жақсы пікір білдірді. Кристен Джонсон үшін бұл алғашқы режиссерлық жұмысы, бұған дейін ол тек операторлықпен айналысқан. Джонсонның қоржынында АҚШ Қарулы күштеріндегі сексуалдық зорлық туралы - «Невидимая война» фильмі бар, президент Джордж Буштың 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына қатысы барлығы туралы журналистік зерттеуі фильмі - «Фаренгейт 9/11» және Эдвард Сноуденнің «Citizenfour» фильмі де кіреді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін