È

«Чаппакуиддик»: Джейсон Кларк атышулы драманың трейлерінде Тед Кеннеди рөлінде

«Чаппакуиддик»: Джейсон Кларк атышулы драманың трейлерінде Тед Кеннеди рөлінде

Entertainment Studios компаниясы «Чаппакуиддик» драмасының қайғылы жағдайдың хроникасы сипатталған жаңа трейлерін жарыққа шығарды. Сол үшін сенатор Тед Кеннеди қиын жағдайға тап болды. Фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Таспада басты рөлдегі Кеннедиді Джейсон Кларк («Сені ғана көремін», «Эверест») сомдады. Тед ағасы Бобби Кеннеди қайтыс болған соң бір жылдан кейін президент ретінде Ақ үйге баруды ұйғарады.

«Чаппакуиддик» - көптеген американдық көрерменге өз уақытында ұсынылған күрделі драма, бірақ мұнда жеңіл жауаптар жоқ. Таспа Кеннедиді ұлы етіп көрсетпейді, дегенмен Кеннеди отбасының саясаттағы орнын фантастикалық түрде түсіндіруге тырысады. Бұл фильмде отбасылық патриархтың арқасында Джозеф Кеннедидің (Брюс Дерн, «Небраска», «Құбыжық») Ақ үйге келген жолы көрсетілген.

«Чаппакуиддиктің» ресми синопсисіне сай, фильмдегі негізгі оқиға 1969 жылы болған. Кеннеди әулеті үш мұрагерінен айырылды. Тед отбасының соңғы үміті, ол жанұясының сенімін ақтап, жоғары американдық саяси басшылыққа қол жеткіземін деп ойлайды. Бірақ, Тедтің әкесі Джо Кеннеди кіші ұлын үнемі қолынан түк келмейтін баласы ретінде кемсітіп, үнемі осыны есіне салып отыратын.

Чаппакдивик деген жердегі сауық кешінде Тед «Boiler Room Girls» тобының қыздарын жолықтырады, қыздар 1968 жылы президенттік кампанияда оның ағасы Роберт Кеннедиге қолдау көрсеткен екен. Олардың арасында Мэри Джо (Кейт Мара, «Морган», «Меган Ливи») да болды. Тед толған ай кезінде Мэри Джоны автокөлікпен серуендеуге шақырады. Көлік көпірден құлап, өзенге түседі де, барлығы қайғылы жағдаймен аяқталады. Бірақ ең сорақысы осыдан кейін басталады: Бүкіл политтехнологтар тобы жағдайды анықтауға кірісіп, елдің көңілін басқаға аудару үшін «Аполлон 11» кемесінің Айға қонуын пайдаланады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер