«Өрмекші адам: Әлем арқылы»: өрмекші адамдар мен бір өрмекші шошқа
Sony студиясы сейсенбі күні «Өрмекші адам: Әлем арқылы» анимациялық комиксінің тағы бір трейлерін ұсынды. Әлемді құтқаратын топта жаңа ерекше кейіпкелер пайда бола бастады, арнайы костюм киіп, өрмекшіге айналатын адамдарға өрмешкі шошқа қосылды! АҚШ-тағы Бруклин секілді аудан бүкіл әлемдегі суперқаһармандарға толып кетіпті.
«Менің атым Майлз Моралес, жалғыз Өрмекші адаммын. Негізі, өзім солай ойлаған едім», - дейді «Өрмекші адам: Әлем арқылы» жобасының басты кейіпкері, оны түпнұсқада Шамеик Мур («Өтірікшілер», «Өңдеу» хикаясы) дыбыстайды. Бірақ, трейлерде басқа мақсатпен келген бірнеше кейіпкерлер таныстырылады. Олар Жерде Әлемді құтқару үшін бірігуі тиіс.
Ролик Питер Паркердің таныс хикаясын көрсетеді, алайда ол Өрмекші адамның бір бөлігі ғана екен. Портал ашылған соң, жасы үлкен Паркер (Джейк Джонсон) бруклиндік жасөспірім Майлз Моралесті (Шамеик Мур) жолықтырады, ол да басқа әлемнің Өрмекші адамы болып шығады. Паркер Моралесті өрмекшінің қимылдарына үйретеді, бірақ кейін көк-қызыл костюмді киіп көретін көптеген кейіпкерлер пайда болады: Гвен (Хейли Стайнфелд), өрмекші шошқа (Джон Мулэйни) және Өрмекші адамның Нуары (Николас Кейдж). Барлығына суперколлайдер сес көрсетеді, сол үшін Бруклин қирайды.
«Өрмекші адам: Әлем арқылы» комиксі 2018 жылдың 13 желтоқсанында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін