È

«Қара Ілбісін»: Marvel аңызы және фильмнің жарыққа шығуы. 1 бөлім

«Қара Ілбісін»: Marvel аңызы және фильмнің жарыққа шығуы. 1 бөлім

1966 жылы шыққан «Фантастикалық төрттік» комикстер топтамасының 52 шығарылымында Қара Пантера атты кейіпкер дебют жасады. 2016 жылы Т’Чалла (Қара ілбісін) алғаш рет Marvel киноәлемінде дебют жасап, «Алғашқы кек алушы: Қарсыласу» фильмінде көлемді аудиториялы жанкүйерлеріне кеңінен таныстырылды.

Marvel-дің президенті әрі «Қара Ілбісін» фильмінің продюсері Кевин Файги былай дейді: «Киноәлемдік Marvel комикстерден бастау алады. Біз ондаған жылдар бойы табысты комикстер жасаған авторлардың ізімен жүріп келеміз, ал сол табысқа жетудің бір бөлігі қоғамды дәл сол қалпында көрсетуде екенін үнемі айтып келемін».

Қара Ілбісін бейнесі алғаш рет 1960 жылдары комикстер парақшаларында пайда болды – бұл шығармашылықтың өзегі болып табылатын Marvel және Стэн Ли мен Джек Кирби тарапынан маңызды қадам болды – біздің кейіпкерлерден әлдеқайда ақылды әрі мықты болып келетін жаңа кейіпкерді - африкандық жігіт пайда болды. Оны 50 жылдан кейін үлкен экранға көшіру, біз үшін үлкен оқиға болды.

Marvel-дің «Қара Ілбісін» фильмі Т’Чалланың оқиғасын баяндайды, ол әкесі Ваканд патшаның өлімінен кейін мұрагер ретінде тақты иеленіп, теңқұқықты патша болу үшін қоршаған ортадан алшақтаған күйде техника жағынан дамыған Африка еліне, өз үйіне оралады. Бірақ көп ұзамай көкжиекте өте қауіпті дұшпан пайда болады, сөйтіп Т’Чалланың патшалық және ерлік қасиеттері сынға түседі, оның алдында Вакандтың биліктегі кезіне және бүкіл әлемге қатысты күмәнді сұрақтар туындайды. Сатқындықпен бетпе-бет келген әрі өміріне қауіп төнген жас патша халқын қорғап, дәстүрін сақтап қалу үшін одақтастарын тартуға және Қара Ілбісіннің барлық күшін жауларына қарсы қолдануы тиіс.

«Қара Ілбісін» Қазақстанда 26 ақпаннан бастап көрсетілімге шығады.

Фильмнің Қазақстандағы таратушысы Meloman Entertainment компаниясы болып табылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер