CinemaCon және кинокәсіптің болашағы
Кинотеатрларға көрермендерді қалай қайтаруға болады? Міне, фестивальдің басты сұрағы осы болды. Негізінде, блокбастерді жақсы көретін жас көрермен киноны стримингті алаңда көруді жөн санайды. Оның үстіне, режиссерлер де түрлі тәжірибелер жасау мақсатымен көбінесе Netflix пен Amazon-ды таңдап жатады.
Студиялар жаңа қаржыны Қытайдан алуға тырысады, бірақ ол жақта бірігіп түсірілген фильмдерге қатаң талаптар қойылады.
Алайда, 2016 жылы америкалық бокс-мекемесі 11 миллиард доллар табыс тапқанын жасыра алмаймыз. Бірақ, бұл табыс инфляцияға байланысты билет бағасын көтеру есебінен болды. Жалпы, АҚШ пен Канада елдерінде халық киноға аз баратын болған.
Бүгінгі таңда студиялар азғантай болса да нәтижеге қол жеткізу үшін қомақты қаржы жұмсауда. Фильмдер прокаттың алғашқы күндерінде жақсы бастау алғанымен, келесі апталарда шығынға ұшырап жатады. Бұл үрдіс әзірге еш өзгере қоймады.
Халықаралық маркетинг және дистрибуция департаментінің басшысы Сью Кролл кинопрокатты кәсіпке енгізген жаңалығы ретінде, киноның көрсетілімі мен цифрлі құралдардағы прокат екеуінің арасындағы уақытты қысқарту керек деген ұсыныс айтты. Бұл - фильмді қай жерде және қай уақытта көру еркіндігіне ие заманауи көрерменнің талабы.
Шындығына келгенде, көрермен кинотеатрдан гөрі киноны үйде отырып тамашалағанды құп көреді. "Netflixтің" негізін қалаушы соңғы 30 жылда кинокәсіп айтарлықтай еш өзгере қойған жоқ деген пікірін білдірді.
Осыған ұқсас дағдарыс 50-жылдары телевидение пайда болған кезде орын алған. Сол кезде де студиялар көрермендерінен айырылып қалудан қорыққан, алайда кең форматты кино пайда болды.








1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Askhat
3 апреля 2017, 18:04Все равно в кинотеатре смотреть интерсней как мне кажется...