«Дэдпул 2»: алғашқы тизер-трейлер
Райан Рейнольдс «Дэдпул 2» тизер-трейлерінде көрермендерге ерекше, сюрреалистік қырынан танылады. Ол суретті қалай салу керектігін байыппен ұсынады, роликте жаңа фильмнің экшн-көріністерінен үзінді бар.
Дэдпул «Көркем суреттен ләззат алу» оқыту шоуының марқұм суретшісі Боб Росске еліктейді. Рейнольдстың тизерде салып жатқан суреті «Ылғалдағы дымқыл» деп аталады. Осы тұста Дэдпул ағаштарды салып жатқанын айтады, содан кейін бояулар туралы былай дейді: «Оларды жемегендеріңіз дұрыс – маған сеніңіздер».
Роликтің ортасына қарай алдағы тұсаукесердің бірнеше кейіпкерлерін байқауға болады, содан кейін Дэдпул қайтадан өз сабағына оралады. Титрлар!
Сонымен қатар, Райан Рейнольдс «Дэдпулдың» авторлары Ретт Риз және Пол Верникпен қатар, фильм продюсері болып табылады. «Джон Уик» режиссерінің бірі Дэвид Лич өткен күзде Тим Миллер Рейнольдпен келіспей қалғанда, жетекшілікті қолға алған еді.
Бірінші «Дэдпул» Fox үшін 2016 жылдың ең үздік хитіне айналып, әлем бойынша 783 миллион доллар жинаған. Осылайша, «Матрица: Қайта жүктеуді» бірінші орыннан ығыстырып, R рейтингісімен тарихта кассалық фильм атанды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін