È

«Перілер үйі»: деректі хоррорға арналған алғашқы трейлер

«Перілер үйі»: деректі хоррорға арналған алғашқы трейлер

Зак Бэгэнстің табиғаттан тыс нәрселер мен қазіргі кездегі барлық таңғажайыптарды көруді ұнататын аудиторияға бағытталған «Перілер үйі» деректі хоррорына арналған алғашқы трейлері пайда болды. Бэгэнс - Индиана штатының Гэри қаласындағы «200 перінің үйі» деп аталатын жердегі болған оқиғаны баяндайтын таспаның режиссері және сценарий авторы. Бұл үй тарихи оқиғаға бай. Фильмде үйдің бұрынғы тұрғындары ақылға сыймайтын, адамды есінен адастыратын оқиғалармен бөліседі.

Олар тылсым оқиғалар мен физикалық байланыс туралы баяндайды. Бұл үйдегі елестер туралы газеттер де жиі жазды. Болған жағдай туралы алғашқы есеп 2014 жылы Indianapolis Star-да жарияланды. Сондықтан, «Перілер үйі» деректі фильм ретінде көрермендерге оқиғаның барлық шынайы қасіретін көрсетуге және оларды таңқалдыруға тырысады.

Аталмыш хоррордың ресми синопсисі төмендегіше баяндалады: Индианада «Тозаққа жол» деп аталатын үйдің айналасында болған қорқынышты оқиғалардың салдарынан жаппай үрей пайда болады. Таңғажайып оқиғаларды зерттеуші Зак Бэгэнс үйді қарап көрместен, телефон қоңырауы арқылы сатып алады. Ол тобымен бірге Америка тарихындағы ең қорқынышты үйдің келесі құрбаны болуға тәуекел етеді.

«Перілер үйі» деректі хоррорының көрсетілімі 2018 жылдың 15 наурызына белгіленген.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист