Дэн Браунның Inferno кітабының үшінші экранизациясы
Профессор Роберт Лэнгтон (Том Хэнкс) флорент ауруханасында есін жинайды. Оның емдеуші дәрігері Сиена Брукс (Филисити Джонс) оған оқ тигеннен кейін амнезияға ұшырағанын айтады. Бірақ кейіпкердің асықпай қалпына келуіне уақытыт жоқ. Өйткені әлемге қауіп төніп тұр, атақты ғалым-генетик (Бен Фостер) бүкіл әлемді обамен уламақшы. Осындай әдіспен ғалым әлемді өзгертпек. Фильмде Омар Си («1+1: Неприкасаемые») және Ирфан Кхан («Жизнь Пи») қатысады. Фильмнің тұсаукесері осы жылдың қазан айының 30-ына белгіленген. Фильм өндірісімен Sony Pictures Entertaiment айналысуда.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін