Дэвид Фрэнкел Fox 2000-ға арнап «Қираған ғаламат үйінділердің» экрандық бейімделуімен айналыспақ
Сценарист әрі режиссер Дэвид Фрэнкел («Елесті сұлулық», «Ібіліс Prada киеді») Fox 2000-ға арнап Джесс Уолтердің «Қираған ғаламат үйінділер» романының экрандық бейімделуімен айналыспақ. Фильм оқиғасы 1962 жылы Голливуд тарихындағы ең танымал фильмдердің бірі «Клеопатраның» түсірілімі кезінде Италияға сапар шеккен американдық актрисаға негізделеді.
Көптеген тарихи жерлер мен онжылдықты қамтыған сюжетте актрисаның әңгімелеуі «Клеопатраның» осы нұсқасында басты рөлді сомдаған Элизабет Тейлордың тағдырымен тығыз байланысты. Нәтижесінде, Тейлор мен Марк Антонийдің рөлін сомдаған Ричард Бертонның арасында махаббат оқиғасы өрбиді.
Уолтердің «Қираған ғаламат үйінділер» фильмі романтикалық оқиғаны ұнататындар мен қатал сыншыларды, детективті оқиғаларды бағалайтындар мен постмодернизм жақтаушыларын таң қалдырары сөзсіз. Автор ретінде Джесс Уолтер мүмкін емес нәрселерді, ескірген стиль мен өткір иронияны, нағыз романтика мен әсерлі ұйымдастырылған әңгімелеу ырғағын байланыстыра алды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін