È

«Жұлдыздар соғысының» тоғызыншы бөлімін Кэрри Фишердің фильмі деп атады

«Жұлдыздар соғысының» тоғызыншы бөлімін Кэрри Фишердің фильмі деп атады

«Lucasfilm» студиясының басшысы Кэтлин Кеннеди ешкім күтпеген мәлімдеме жасады. Ол «Жұлдыздар соғысы» («Звездные войны») фильмінің тоғызыншы бөлімін Кэрри Фишердің туындысы деп атауды ұйғарды. Жетінші эпизодтың соңғы көріністері түсіріліп жатқанда, Кеннедиге Кэрри Фишер жақындап, құшағына қысып, тоғызыншы бөлімде алдыңғы қатарға шыққысы келетінін айтқан екен. Сонымен қатар, Фишер жетінші эпизодтағы негізгі кейіпкердің Харрисон Форд, сегізіншісінде Марк Хэмиллдің болғандығын айтып, тоғызыншысы өзінің фильмі болуды қалайтынын жеткізген.

Кэрри Фишер қайтыс болған соң БАҚ-та түрлі қауесеттер тарап кеткен. Актрисаның туыстары оның компьютерлік өңдеуден өткен образын қолдануға рұқсаттарын бергендігін айтқан. Алайда, Кэтлин Кеннеди тоғызыншы эпизодта Леяның болмайтындығын мәлімдеген. Бірақ, қазір ақпарат өзгеріп отыр.

Актриса Кэрри Фишер 2016 жылдың аяғында ұшақ бортында аяқ-астынан жүрек талмасынан қайтыс болған. Актриса дүниеден озбай тұрып, «Жұлдыздар соғысы. Соңғы джедай» («Звездные войны: Последний джедай») картинасының сегізінші эпизодын толық аяқтап кетті. Бұл эпизодтың тұсаукесері желтоқсан айында болады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 мамыр 2017, 21:43

Ждем звездные войны. Если бы вот по больше новых технологии и планет и расы добавили бы.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер