«Көріскенше, Кристофер Робин»: алғашқы көзқарас
Винни-Пухтың авторы – жазушы Алан Александр Милн туралы «Көріскенше, Кристофер Робин» байопигінің алғашқы трейлері пайда болды. Әйгілі авторды Донал Глисон, ал оның әйелін Марго Робби сомдады.
Фильм сюжеті әке мен баланың: А.А. Милн және Кристофер Робиннің арасындағы қарым-қатынас туралы баяндайды. Ұлының ойыншықтары әкесін Винни-Пух жайындағы ғажайып әлем повестін жазуға шабыттандырады.
Фильм қойылымымен Саймон Кертис айналысты.
Картина тұсаукесері 10 қарашада болады деп күтілуде.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін