È

Джеймс Кэмерон мен «20th Century Fox» студиясы «Аватар» фильмінің барлық төрт жалғасының шығу күнін нақтылады

Джеймс Кэмерон мен «20th Century Fox» студиясы «Аватар» фильмінің барлық төрт жалғасының шығу күнін нақтылады

Жақында «Аватар» фильмінің түсірілім тобы картинаның 4 сиквелімен жұмысын бастағанын мәлімдеген еді. Барлық 4 фильм бір уақытта түсірілетін болады. Осы ретте олардың нақты жарыққа шығу күні де белгілі болды:

«Аватар-2» экранға 2020 жылдың 18 желтоқсанында шығады;

«Аватар-3» айналымға 2021 жылдың 17 желтоқсанында шықпақ;

«Аватар-4» көремендерге 2024 жылдың 20 желтоқсанында таныстырылады;

«Аватар-5» үлкен аудиторияға 2025 жылдың 19 желтоқсанында ұсынылады.

Естеріңізге сала кетсек, Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмінің бірінші түпнұсқасы үлкен экранға 2009 жылдың желтоқсан айында шыққан еді.

Көрермендердің риза болғаны соншалық, фильм әлемдік айналымда 2,7 миллиард доллар жинады. Осылайша Джеймс Кэмеронның алдыңғы туындысы «Титаник» фильмінінің рекордын басып озып, тарихтағы ең кассалық фильмге айналып үлгерді.

«Аватар» фильмінің келесі сиквелдерінің сюжеті қандай болатыны әзірге құпия ұсталуда.

Жобаға бірінші бөлімге қатысқан басты актерлар: Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Сигурни Уивер мен Стивен Лэнг атсалысады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

27 апреля 2017, 20:33

отлично, я доволен датой. если не прьимерой.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер