Джеймс Ван және Рой Ли Стивен Кинг романының экрандауына қатыспақ

«Томминокерлер» Стивен Кингтің экрандалатын келесі романы болмақ. Режиссер Джеймс Ван («Қарғыс», «Ара: Аман қалу ойыны») және продюсер Рой Ли («Ол», «Көлдің жағасындағы үй») Кингтің 1987 жылғы ғылыми-фантастикалық хоррорының экрандауымен айналысуда. Аталмыш дуэт 1993 жылы телевидение үшін «Томминокерлер» кіші көлемді хикаясын түсірген тәжірибелі продюсер Ларри Санитскимен бірге жұмыс істемек.
«Бұл аллегориялық әңгіме тәуелділік (Стивен Кинг роман жазу кезінде өзінің жеке мәселелерімен айналысқан, нақтырақ айтқанда, алкоголизммен күрескен), ядерлі энергия апаты, жаппай долылықтың қаупі мен техникалық дамудағы қателіктер жайлы баяндайды. Бұл тақырыптардың барлығы «Томминокерлер» романы жарыққа шыққан кездегідей, қазір де өзектелігін жоғалтқан жоқ. Бұл махаббаттың мәңгілік күші мен аман қалу мүмкіндігі жайлы хикая», - деп жазды Санитски Стивен Кинг кітабы жайында.
Жоба бірнеше факторлардың әсерінен ерекше қызығушылық тудыруда. Кингтің бұл кітабы - «Ол», «Жарқырау» және «Кэрри» сынды классикаларды таралымы мен сатылымы жағынан басып озған романдарының арасында екінші орында. «Томминокерлер» сюжеті қазылған ғарыш кемесінің қауіпті газына уланған Мэне штатындағы бір қаланың хикаясын әңгімелейді. Газ адамдарды өзгертіп, ерекше күш дарытады...

.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін