È

Джордж Миллер «Ессіз Макс: Қаһарлы жол» фильмінің табысына қатысты Warner Bros.-ке шағым түсірді

Режиссер Джордж Миллер «Ессіз Макс: Қаһарлы жол» фильмінің табысына қатысты Warner Bros.-ке шағым түсірді

Режиссер Джордж Миллер 2015 жылдың хиті болған «Ессіз Макс: Қаһарлы жол» фильмінің табысына қатысты Warner Bros.-ке шағым түсірді.

«Негізі, сценарий жұмысы мен түсірілім дайындықтарына 10 жылдай уақыт кетірген еңбегіміз және фильм өндірісіне жұмсалған 3 жыл үшін лайықты табыс алуымыз керек қой. Осыншалықты ауыр жұмысымыз бағаланып, картина тамаша ықыласқа бөленді»,-дейді Миллер өндірістік компаниясының өкілі.

Келесі жолы мынадай әңгіме қосылды: «Бізге Warner Bros.-пен соттасқаннан гөрі, бірігіп фильм түсірген ұнайды, бірақ бір жыл бойы барлығын бейбіт түрде шешуге тырыстық, ақыры болмаған соң соттасуға тура келді».

Warner Bros. былай деп жауап берген: «Біз келіспейміз, сондықтан барынша қорғануға тырысамыз».

Миллердің Warner Bros.-пен «Ессіз Макс: Қаһарлы жол» фильміне қатысты жасалған келісімінде мынадай шарт болатын, яғни фильм өндірісінің қорытынды құны қосымша шығынды есептемегенде, 157 миллион доллардан кем болмаса, 7 миллион доллар көлемінде сыйақы төленуі тиіс.

«Ессіз Макс: Қаһарлы жолдың» жалпы жинағы әлем бойынша 380 миллион долларға жуық болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер